ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

20:19, 9 шілде 2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады. Шара ұлттық домбыра күніне орайластырылылып отыр. Өңіріміздің барлық перениталдық орталықтарында өтті. Этномәдени бірлестік өкілдері таңертең перзентханаларды аралап, түнгі 12 мен 1 дің аралығында дүниеге келген сәбилерді құттықтады. Ізгі тілек жазылған хат тапсырылып, ата-аналарына арнайы сыйлықтар тарту етілді. Солардың бірі Ақтөбе медициналық орталығында түнгі бірде дүниеге келген Егор Бурхавицкий. Анасы сәбиінің болашақта музыкант болатынына сенімді. Себебі, бұл сыйлықты жақсы ырымға балады. Жалпы, 7 шілде күні Ақтөбе медициналық орталығына қарасты перзентханада 7 сәби дүниеге келген, алтауы ұл. Ал алтыншы шілде, Астана күні мұнда 13 нәресте жарық дүние есігін ашқан. 

СВЕТЛАНА БУРХАВИЦКАЯ /АТА-АНА

- Ұлымды өскесін міндетті түрде музыка мектебіне береміз, мына домбырада міндетті түрде ол ойнайтын болады. Барлық баланың қабілеті бар, оны тек ашу керек деп ойлаймын. Астана күні күтіп едік, онымен балам 7-шілде күні түнде дүниеге келді. Жалпы, мерекеде өмірге келгенін мен жақсылыққа балап отырмын. Сыйлық үшін Ассамблея мүшелеріне алғыс білдіремін. 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар