ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

НОТАЛАР ҮНДЕСТІГІ

17:03, 11 қазан 2018

АҚШ және Қазақ композиторларының классикалық туындылары Ақтөбе төрінде шырқалды. Академик Ахмет Жұбанов пен әйгілі американдық сазгер Джордж Гершвиннің шығармашылығына арналған кеш  музыка колледжінің концерт залында  ұйымдастырылды. Білім ордасының студенттері фортепианода   екі автордың туындалырын ойнап, операларынан үзінді орындады.

Алғашқы опералық туындылар сайын қазақ даласына сонау соғыс жылдарында келді.  Бүкіләлемдік музыка жанрын қазақша сөйлетіп, кәсіби қазақ музыкасының негізін қалаған өнер майталмандарының бірі, біздің жерлесіміз- Ахмет Қуанұлы Жұбанов болатын.  Ал мұхиттың ар жағында жас композитор  Джорд Гершвин  де осы өнердің дамуына зор үлес қосты.

Тілі мен діні бөлек, бір-бірін танымай кеткен қос композитордың мақсат -мүддесі бір, ноталары үндес болатын. Өнер қайраткерлерінің шығармалырын ақтөбелік талантты жастар қайта жаңғыртты. Қос композитордың классикалырын тыңдауға қаланың музыка талғампаздары жиналды. Мәдени шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілі  Ланс Эриксон да келді.

Мәдени кеште қос композитордың танымал туындыларын тек студенттер ғана емес, қазақ аралас және үрмелі-аспаптар оркестрі мен облыстық филармония әншілері де орындап, жиналған жұртшылықтың ысьық ықыласына бөленді.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...