ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

"НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ АҚТӨБЕГЕ КЕЛДІ

18:58, 13 маусым 2018

Ақтөбе облысында коворкинг форматындағы алты кітапхана ашылады. Оның бірі қазір Алға ауданының Бестамақ ауылында іске қосылды. Бұдан бөлек, жуырда Қазақстанда алғаш рет "Күншуақ" сауықтыру демалыс лагері жұмысын бастайды. Осы және өзге де нысандар бүгін Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа таныстырылды. Толығырақ Жұлдыз Алмасқызы айтып береді.

Ақтөбеде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оған жуырда бес мектепте ашылған ІТ кластары дәлел. Жоба "Нұр Отан" партиясының бастамасымен жүзеге асты. Партия төрағасының бірінші орынбасары нөмірі 56-шы мектептегі ІТ сыныпты көрді. Мұнда оқушылар сандық технологияны меңгеріп, робототехникамен айналысады. Қазір кабинетте 15 бала 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб-сайтты құру жұмыстарын үйреніп жатыр.

Жыл соңына дейін тағы 15 мектепте осындай ІТ класс пен екі айти орталық ашылады. Мәулен Әшімбаев білім ұясының асханасы мен робототехника класын да көрді. Қазір Ақтөбеде 58 робототехника кабинеті мен 44 үйірме жұмыс жасайды. 12 ауданда және Ақтөбе қаласында орталықтар ашылды. Онда барлығы 3 мыңға жуық бала қамтылды.

Партиялық жобалар қазір облыс орталықтарында ғана емес, елдімекендерде де қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл ретте Алға ауданының Бестамақ ауылын ерекше атап өткен жөн. Мұда жақында ковркинг форматындағы кітапхана ашылды. Онда балалар ағылшын тілін оқып, шахматпен айналысады. Бұдан бөлек, электронды түрде кітап-журнал оқуға мүмкіндік қарастырылған. Тек оқушылар ғана емес, ауыл ақсақалдары да келіп, бос уақытын тиімді өткізе алады. Қазір қорда 18 мыңдай кітап бар. Жыл сайын қор толығып тұрады дейді қариялар. Енді коворкинг кітапханасы Ақтөбе қаласы мен өңірдің Алға, Темір, Ырғыз және Әйтеке би аудандарында ашылады.

Бұл күні Бестамақ орта мектебі жанынан әмбебап спорт алаңы пайдалануға берілді. Оны салу үшін жергілікті бюджеттен 5,6 миллион теңге қарастырылған. Тағы бір миллион теңге қаражат партия мүшесі - кәсіпкердің демеушілігімен бөлінді. Нәтижесінде, ауыл балалары футболмен қатар, волейбол, баскетбол, гандбол және теннис ойнауға мүмкіндік алды. Мұнда аталған спорт түрлері бойынша үйірмелер де ашылған. Оларға 135 мектеп оқушысы қатысады. Айтып өтейік, дәл осындай әмбебап алаң бұған дейін Қобда ауданында салынды.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бестамақ ауылында жуырда ашылатын "Күншуақ" лагеріне де барды. Онда 100-ден астам жеткіншек табиғат аясында демалып, сауықтыру шараларымен қамтылады. "Бақытты бала" жобасы аясында іске қосылған лагерь жыл он екі ай ашық болады.

"Күншуақ" лагері бұрынғы Алға балалар үйіне қарасты демалыс орнының ізі. Қайта жаңғыртылып жөнделді. Мұнда ойын, спорт алаңдары, монша, клуб, асхана және 8 тұрғын үй корпусы бар. Жазғы демалыс кезінде лагерь алты ауысымда жұмыс істейді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше күтім жасалады. 600-ден астам мүгедек бала емдік-сауықтыру шараларымен қамтылады. Алдағы уақытта мұнда иппотерапия курсы ашылады. Демалыс орнының жұмысымен танысқан Мәулен Әшімбаев лагерьге жылу қондырғыларын орнату үшін партия атынан арнайы сертификат табыстады. Әрі ол "Бақытты бала" жобасы аясында өңірде жасалып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. Бұл ретте Ақтөбені өзге өңірлерге үлгі ету қажет деді.

Мәулен Әшімбаев Ақтөбеде ашылған жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығына да барды. Орталық "Сәби" қайырымдылық қорының қолдауымен салынған болатын. Қазақстанда баламасы жоқ. Оның дизайны мен сәулеті, жабдықталуы мен абаттандырылуы өзге әлеуметтік мекемелерге ұқсамайды. Кірпішті ауылында салынған қалашықта бір бөлмелі 80 пәтерден құралған 4 таунхаус тұрғызылды. Сондай-ақ, мұнда шаштараз, гүлдер дүкені, аяқ-киім шеберханасы мен тігін цехы бар. Жастар мамандық алып, тәжірбиеден өте алады. Спорт-жаттығу алаңдары, автотұрақ және жылыжай да салынған. Орталықта 16 мен 29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрып жатыр.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...