ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

14:12, 12 сәуір 2019

"Нұр Отан" партиясының ұлттық жобалары Ақтөбеде жүзеге асады. Бұл туралы бүгін партияның қалалық филиалының кезектен тыс 29-шы конференциясында айтылды. 
 

Партияның кезектен тыс конференциясына 37 бастауыш ұйымдарынан сайланған 80 делегат қатысты. Жиында негізінен "Нұр Отанның" 18-ші съезінде берген Елбасы тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды. Атап айтқанда, "халыққа көмек", "Бақытты отбасы", "Құтты мекен" және "Ауыл-ел бесігі" ұлттық жобаларын жүзеге асыру жолдары айтылды. 

Әр жобаны сапалы орындау - басты міндетіміз деді партия мүшелері. Қазір қала бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік картасы жасақталып жатыр. 9460 отбасының 1300-ден астамы нақты көмек алатын болады.  

Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша 44 мыңнан астам нұротандықтарды біріктірген 251 бастауыш ұйым бар. Жиын барысында, партияның облыстық филиалы конференциясына делегаттар сайланды. 
Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
20:54, 17 шілде 2019
КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
20:53, 17 шілде 2019
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар