ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

"Нұрлы жер" бағдарламасын орындауда Ақтөбе облысы көш басында

17:16, 11 тамыз 2017

Өңірге іс сапармен келген Асқар Мамин бүгін құрылыс саласына көңіл бөлді.

Бірінші вице-премьер Ақтөбе-Орск  тас жолының жөндеу жұмыстарымен және ферроқорытпа зауыты маңындағы салынып жатқан жол өткелінің жұмысын көрді. Бұдан соң жекпе жек сарайының құрылысына барды. Бірнеше нысанды аралаған Асқар Мамин «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы істердің орындалуына оң бағасын берді.

Тиісті көлік инфрақұрылымынсыз құрылыс саласының дамуы екіталай. Сондықтан бұл мәселе басты назарда. Бірінші вице-премьер құны 2 миллиард теңгеден асатын жол өтпесі құрылысымен танысты. Өтпе ферроқорытпа зауыты маңында, яғни облыс ортиалығынан шығатын жол салынуда. Көпір құрылысы мамыр айында басталды. Биыл аяқтау жоспарда бар. Ол үшін қосымша қаржы қажет. 

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

- Жоба басталды. Өңір үшін бұл жобаның маңызы зор. Бұл жерде өнеркәсіп орындары көп шоғырланған. Көлік нөпірі біраз мәселе тудырып отыр. Сондықтан бірлесіп бұл мәселені шешеміз.

Ақтөбемен Ресей Федерациясын байланыстырып тұрған Ақтөбе-Орск тас жолы ұзақ жыл жөндеу көрмеген болатын. Биыл күрделі жөндек басталып, 5 шақырымы жаңартылды. 

Батыс-2 ықшам ауданында Батыс-2 ауданында  шығармашылық академиясы салынды. 4 қабатты ғимаратта жасөспірімдер үшін механика, құлтемір, химия, биология, физика секілді ғылымдар бойынша  түрлі үйірмелер жұмыс жасап тұр. Дәл осы ауданда жекпе жек сарайының құрылыс аяқталуға таяды. Сарайдың үлкен залында бокс, күрес, дзюдо және бас да жекпе жек түрлерінен үлкен турнирлер өткізу мүмкіндігі бар. Спорттық шараларды 700 көрермен тамашалай алады. Мүмкідігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар да қарастырылған. 

Тұрғын үй құрылысы өңірдің дамуында елеулі орын алады. Асқар Мамин Құрайлы ауылында су тасқынан зардап шеккендерге арнап салынған үйлердің құрылысымен танысты. Облыс басшысының тапсырмасы бойынша қала маңынан 89 жер учаскесі бөлінді.  

Көктемгі су тасқыны қайтланбас үшін өзен арналарын тазалауға ден қойылып отыр. Бұл ретте үкіметтен қолдау қажет. Асқар Мамин мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетлетінін айтты. Үй  құрылысы біткенше, 8 отбасы жергілікті билік орналастырған жатақханада тұрады.  Ал 20 отбасыға патер бөлінді.  585 отбасыға  61  теңгеден аса  метриалдық көмек көрсетілді.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының басым бағыттарын айқындап берген болатын. Біздің өңірде де прездиенттің тапсырмасын іске асыруда барлық шаралар алынуда. Азқабатты шағын үйлер Нұр Ақтөбе  аумағында  салынып жатыр.  Қазір бірінші ықшам ауданында   осындай үйлер бой көтеруде.

Нұр Ақтөбе ауданында 2 жылда 423 азқабатты үй тұрғызу жоспарланды. Осы үйлер пайдалануға берілген кезде мыңнан аса ақтөбеліктің баспана мәселесі шешіледі.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиын да "Нұрлы жер"  мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы талқыланды. Оған Қазақстанның әр түпкіріндегі облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. жиынға барлық өңірден облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысып,Өзара тәжірибе алмасып,  құрылыс саласындағы маңызды мәселелерді көтерді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Елбасы қойған тапсырмаға сай, 15 жылда біржарым миллион қазақстандық  баспаналы болуы қажет. Біз осы орайда Жақын болашақта 100 мың ақтөбелікті тұрғын үймен қамтамасыз етуді міндетімізге алдық. Осы мақсатта біз облысымзыдағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланумыз керек. Өздеріңіз көрдіңіздер бізде мықты құрылыс базасы, кәсіби мамандар  бар. Нұрлы жер бағдарламасы арқасында 130 құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындар  қуатты жұмысқа кірісті.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ел көлемінде атқарылған істер туралы инвестициялар  және даму министрлігінің вице- министрі Роман Скляр есеп берді. Ол бұл бағдарламаның көптеген облыста орындалу барысы әлі де кемшін екенін айтты. Әсіресе орталық пен солтүстік өңірлерде көрсеткіш төмен. Ақтөбе өңірі алда келеді. 

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Ақтөбе бағдарламаны іске асыруға бірден кірісіп кетті. Облыс басшысы Бердібек Машбекұлы, орынбасарлары бастаған топ.   Құрылыс компаниялары да жақсы қолдау танытып отыр. Міне, бірлескен жұмыс алғашқы нәтижесін беріп отыр. Құрылыс жинақ банкімен жұмыс, инфрақұрылым, құжаттама секілді  барлық тетіктер қамтылған.

Нұрлы жер бағдарламасының оңды іске асуын  тұрғын үй қорын дамыту секторына қатысып жатқан бірқатар қаржы институттары да жоғары бағалап отыр

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЖИНАҚ БАНКІ» АҚ  БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

- Ақтөбе өңірі  тұрғын үй саласындағы оң өзгерістермен көш бастап тұр. яғни, мұнда  жергілікті   әкімдіктің жаңа технологияны пайдалану арқылы  бағаны төмендетіп отырған көріп отрмыз. Құрылыста жергілікті материалдар үлесі басым.  қолданылған.  жыл басынан бері біз  15 мың займ бердік. Қазақстан бойынша берілген ипотеканың 76 пайызы біздің банктің үлесінде.  Қазақстанның 6 аймағында оның ішінде Ақтөбеде құрылыс қарқынды жүріп жатыр және нарықтағы бағадан төмен. Қалған өңірлер осы межеге жету керек.

Жиын соңында Асқар Мамин "Нұрлы жер" бағдарламасын орындауда Ақтөбе өңірін өзге  аймақтарға үлгі етті. Тәжірибе алмасып, бар мүмкіндікті пайдалануды міндеттеді. Сондай-ақ,  бұл істе еңбегі ерен құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Венера Серғазина, Николай Сырбов, Аманжол Айтмагамбетов, Самат Калекенов 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
12:57, 20 қазан 2017
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...