ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ НАҚТЫ ЖОБАЛАНУЫ ТИІС

18:44, 9 қаңтар 2019

Барлық әлеуметтік нысандар құрылысы кешенді жоспарға сәйкес жобалануы тиіс. Алыс ауылдарға мектеп салу үшін бала саны есепке алынатын болады. Ал инфрақұрылым желілері тек болашағы бар елдімекендерге тартылуы керек. Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат жиынында жобалық сметалық құжаттамалар бойынша мәселе қозғалды. Бердібек Сапарбаев жауапты басшылардан қазына қаражатын үнемдеуді талап етті.

Соңғы төрт жыл ішінде облыс бойынша жобалық-сметалық құжаттың 1120-сы дайындалған. Ол үшін бюджет бүйірінен 7 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бірақ, мыңнан астам жобаның бәрі бірдей пайдаға жараған жоқ. Іске асқанынан аспағаны көп.

Облыс әкімі құрылыс бастамас бұрын елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық маңызын жан-жақты зерттеу керек деді. Жобалық сметалық құжатты құрылыс мамандары, инженерлер, қаржыгерлер сүзгіден өткізуі тиіс.  Себеп - біреу. Болашағы жоқ ауылдарға салынған ғимараттар бос тұрады. Шалғай жерде халық тұрақтап отырмайтын болса, оған кеткен қаржы желге ұшқанмен бірдей.

Бұл жерде бала саны ғана емес, білім сапасы да қаперге алынуы тиіс деді өңір басшысы.

Иә, интернатта оқып жүрген талай қазақ баласының білімі қалалық сападан кемшін емес. Бердібек Сапарбаевтың шалғайға қазына қаржысын шашып, мектеп салғаннан гөрі, аттөбеліндей аз ауылдардың 5-6 қарадомалағын орталыққа әкеліп оқытатын интернат салған абзал дегінін экономика мен бюджетті жоспарлайтын басқарма басшысы да құптай түсті. Тіпті, нақты мысал да келтірді. 

Хромтау ғана емес, Ойыл, Қарғалы аудандарының да жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу ісінде кемшіліктері аталды. Бердібек Сапарбаев әлеуметтік нысандар салу, жолдар, инженерлік желілер құрылысында бюджет қаражатын ұсынықты пайдаланбаған жауапты басшылар мен аудан әкімдерін сынға алды. Және құрылыс саларда сапасы мен бағасына мән беруді талап етті. Бір ауданда құрылысы бірдей екі нысанның бағасы екі түрлі болмауы тиіс. 

Әлеуметтік нысандардың құрылысы тиімді жоспарлануы керек. Қазына қаржысының ұсынықты жұмсалуы үшін экономика басқармасы жанынан сметалық бөлім құрылсын деп тапсырды Бердібек Сапарбаев. Енді кешенді жоспар мен жобалық құжаттың бәрі осы бөлімнің сүзгісінен өтетін болады. 

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...