ШҰҒЫЛ! "ПАРА БЕРМЕ" НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС БАСШЫСЫ "АЯЛА" БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

21:03, 8 тамыз 2019

Облыс басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды оңалту орталығында болды.Оңдасын Оразалин орталықты аралау барысында церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар және орталықтың алдағы жоспарларымен танысты. Өңір басшысына орталықтың мүмкіндіктері айтылды. "Аяла" амбулаторлық-оңалту диспансері еліміздің батыс өңіріндегі тұңғыш мамандандырылған орталық. Мұнда сал аурына шалдыққан, аутизммен ауратын және бұлшықеттегі жүйке талшықтары зақымданған балалар сауықтыру шараларымен қамтылуда. Мұнда айына 90 балаға амбулаториялық оңалту бөлімшесі, физиотерапия, жаттығу залы,бассейн, баланың миындағы клеткаларды оятуға, шартты рефлекстерді қайта қалыпқа келтіруге арналған сенсорлық бөлме, аллергияға қарсы иммунитетті дамытуға арналған тұзды шахта, монтесорри, дәлме-дәл қимылдарды дамытуға арналған «Девирта» - виртуалды дельфинотерапия кабинеті, логопед және сурдолог кабинеттері жұмыс істейді. Заманауи жабдықтар Ресей, Швейцария, Чехия, Польшадан жеткізілген.Орталықтың ерекшелігі сол бассейн, қозғалтқыш функцияларын қалпына келтіруге арналған стандартты "Ремиокор", локомоторлы терапияға арналған биологиялық-кері байланысы бар кешендер, жаттығу үстелі, батыс өңірі бойынша жалғыз осы орталықта кезедеседі.

СВЕТЛАНА  ЕСЕНАМАНОВА /ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

-Бұл құрылғының ерекшелігі сол, әлсіз аяққа күш беріледі. Жүруге қорқақтап тұрған аяқ күш алған соң, ми жұмыс істейді. Сөйтіп, оңалту шаралары жұмыс істей бастайды.

Орталықта жоғарғы санатты, тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды. Алдағы уақытта «кардиология және кардиохирургия", "неврология және нейрохирургия", "травматология және ортопедия" бейіндері бойынша стационарлық және амбулаториялық оңалту көрсетуді жоспарлап отыр.

-педагогикалық білімі бар дефектолог, логопедтер Алматыда, Нұр-сұлтанда, бізде оқиды. Қосымша америкалық маманнан дәріс алады. Профессор Паркингтон екі жылда бір рет арнайы Ақтөбеге келіп тұрады. Онлайн сабақтар оқиды. Әр балаға оңалтудың жеке-жеке бағдарламасы керек. Сол үшін де, мамандар Эйблс бағдарламасымен қажетті ақпараттарды алып, оқиды.
Аймақ басшысы сауықтыру орталығының жұмысына оң бағасын берді. Орталықтың бас дәрігері Жолдас Қамбаровқа ерекше күтімді қажет ететін балаларға көрсетілетін медициналық көмекті бұдан да жоғары деңгейде көрсету қажеттігін тапсырды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12:35, 10 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢАША ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
20:45, 14 қазан 2019
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Толығырақ...