ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

20:26, 14 тамыз 2019

Биыл ҚР Жазушылар Одағына - 85 жыл! Бүгін облыс басшысы жергілікті ақын-жазушылармен бірге дөңгелек үстел басында бас қосты. Жиында өңірде рухани орта құру, білім-мәдениет ошақтарының санын арттыру, әдебиет майталмандарының шығармашылығын көпке паш ету секілді мәселелер талқыланды. Қаламгерлер облыс басшысына айтылған ұсыныстар қолдау табады деген сенімде. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің базасында өткен шараға қаламгерлермен қатар білім, мәдениет, БАҚ салаларының басшылары қатысты.Ақтөбелік ақын-жазушылардың өңірде әдебиет пен өнерді насихаттауға бағытталған бірқатар ұсынысы бар. Әсіресе, өңірдің белгілі тұлғаларының есімдерін облыс, аудан орталықтарындағы көшелер мен мектептерге беру мәселесін қаламгерлер басты назарға алуды айтты. Биыл ақын Ізтай Мәмбетовтың 90, ақиық ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтың 85 жылдығы. Осыған орай, тарихи тұлғалардың туған жерлері Алға, Байғанин аудандарында көлемді шара ұйымдастыру қажет. Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" әңгімесіне де көше берілген Ақтөбеде осы алып тұлғалар ескерілмейді",- деп назын білдірді ардагер журналист Жақсылық Айжанов.  Ақын-қаламгерлердің атына көше беру мәселесі бүгінгі жиында ғана көтерілген жоқ. Жанашырлардың мәселені сөз етіп жүргендеріне біршама уақыт болған. Алайда, бір шешімін табар емес. Жазушылар Одағының облыстық филиалында 14 мүше бар. Олардың шығармалары мен жас ақындардың өлеңдері жергілікті, республикалық басылым беттеріне жарияланып келеді. Шығармашыл жандардың тырнақалды туындыларын жинақтап баспадан шығарудың маңызы зор. Қазірде "Ақтөбе кітапханасы" сериясы бойынша 27 кітап басып шығару жоспарда тұр. Осы орайда, облыс басшысы кітап оқитындардың қатары азайып бара жатқандығын тілге тиек етіп, алаңдаушылық білдірді. "Білімнің басты бұлағы кітапқа қызығушылық болмай тұрған заманда баспасөздің де қадірі кетіп барады",- дейді қаламгерлер.Осы олқылықтар назарға алынып, алдағы уақытта заманауи жабдықталған облыстық кітапханамен қатар, Т.Ахтанов атындағы қазақ драма театры салынбақ. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай Әлия Молдағұлова музейінің құрылысы басталатын болды.Шарада аға буын өкілдерімен қатар, жас ақындар да сөз алды. Өз кезегінде ақын, С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Қалдина балалардың сүйікті кітабына айналған Гарри Поттер шығармасын қазақ тіліне аударып жатқандығын жеткізді. Алқалы жиында айтылған қаламгерлердің ұсыныстарын облыс әкімі қабыл алды. Оларға келесі жылдан бастап жылына бір реттік стипендия тағайындалады. Басқосу соңында Оңдасын Оразалин Жазушылар Одағының мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, шараға қатысқандардың барлығы облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, тарихи-мәдени қорымен танысты.

 ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...