ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АРЫСҚА БАРДЫ

19:02, 11 шілде 2019

Өңір басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Оңдасын Оразалин  алдымен Арыс қаласында болды. Ақтөбе өңіріне қайта қалпына келтіру үшін бекітілген 12-ші секторда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.Апаттан кейін Арысты қайта қалпына келтіру жұмыстарына қазір барлық өңірлер үлес қосуда. Ақтөбеге бекітіліп берілген Арыс қаласының 12-ші секторы аталатын шағын ауданда 765 тұрғын үй, 5 әлеуметтік нысан бар. Бүгінде жарылыс салдарынан бүлінген 472 үйдің актісі жасалды. Оңдасын Оразалин қалыпқа келтіруді қолға алған  ақтөбелік мердігер мекемеге құрылысты уақытында аяқтау қажеттігін, ал бірінші орынбасары Рахан Сыдықовқа осы жұмыстарды бақылауды тапсырды.Техникалық тексерудің нәтижесінде,  бүлінген 472 үйдің 3-не  снаряд түскен. Бұл үйлерге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, О. Жәнібеков көшесіндегі  12 пәтер мен 1 тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып жатыр. Осылайша, қазіргі уақытта  залал келген 236 баспана толықтай қалпына келтірілді. 12-ші секторға 58 маман, және 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тексеру кезінде 273 тұрғын үйдің дін аман екені белгілі болды.Сондай-ақ, өңір басшысы оқиға кезінде қаза тапқан екі азаматтың отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Жалпы, Ақтөбе өңірінің жанашыр азаматтары Арыс қаласында орын алған жағдайға қатысты көмек қолын созуда аянып қалмайды. Қазірдің  өзінде «Парыз» қорының есеп шотына 126 млн теңгеден астам қаржы аударылған.

Тақырып бойынша материалдар

V ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТУДЕ
14:38, 16 қыркүйек 2019
V ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТУДЕ
Толығырақ...
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:10, 10 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...