ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

15:44, 16 қаңтар 2020

Баспана, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қабылдауында болған тұрғындар осы жайды қозғады. 2-ші топ мүгедегі  Майра Елмағамбетова он жылдан астам уақыттан бері пәтер кезегінде тұр. Отбасы жағдайын айтып, көмек сұраған мүмкіндігі шектеулі жан келер жылы ғана үйлі болмақ. Ал қала тұрғыны  Жанболатбек Маратов  Екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне, әкесіне көше атауын беруді сұрады. Ереже баршаға ортақ. Көше атауын беру үшін алдымен ономастика комиссиясының келісімі қажет. Мүгедек бала асырап отырған көпбалалы ақтөбелік Майра Әлиева жұмыссыз, жолдасының табысы күнкөріске жетпейді. Әлеуметтік көмек сұраған отбасының екі баласын оңалту орталығына жіберіліп, өзі еңбекке араласатын болды. Сонымен қатар қабылдауға келген Айман Сексенова қалдықтарды сұрыптау жобасын ұсынса, кәсіпкер Халыұлы Сағандықов кондитерлік фабриканы қайта құруға көмек сұрады. Аймақ басшысы арыз-шағымдары мен ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз етуді және жан- жақты зерделеуді тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар