ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:04, 10 шілде 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Парламент мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Өңірде Президент жүктеген міндеттердің қалай орындалып жатқанын көру, бағасын беру үшін келген халық қалаулылары шешімін таппаған мәселелерге де зер салды. Оларды өндірісті өңірдің экологиялық ахуалы толғандырды.Облыс әкімімен кездесуге мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Ольга Шишигина, Абай Тасболатов, Бақытқожа Ізмұхамбетов, Дания Еспаевалар келді. Кездесу барысында Оңдасын Оразалин Ақтөбе өңірінің Республика бойынша даму әлеуеті жоғары екенін, мемлекеттік  бағдарламалар бойынша  бірқатар жұмыстардың  атқарылып жатқандығын  атап өтті. Мәселен, облыстағы 347 елдімекеннің  192-сі  орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Яғни, халық санына шаққанда  94,6% құрайды. Биылдың  өзінде 14 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар жылдың соңына дейін аяқталса,  көрсеткіш  95,1% өспек. Халық қалаулыларының Ақтөбеге ат басын бұрудағы мақсаттары Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысып, өңір тұрғындарының мәселелерін тыңдау. Осы тұрғыда депутаттар Ақтөбенің жоғары мүмкіндіктерін атап өтіп, облыс басшысының жұмысына сәттілік тіледі. 

Айгүл Баймен

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...