ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:46, 1 мамыр 2019

 

Мереке күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин қиын-қыстау кезеңдерде көп шаруаның ортасында жүрген аға буын өкілдерінің бірі, Байғани ауданын 18 жыл үзбей басқарған өңірге белгілі еңбек ардагері Смалотта Беркімбаевтың шаңырағына құттықтап барды. Үлкеннің сөзі қашаннан үлгі. Қай кезеңде де ел-жұрт түйінді сөзді тыңдарда аузы дуалы ақсақалдарына қараған. Осы дәстүрден жаңылмай сәлем бере келген өңір басшысына ақсақал разы болды.

Бұдан соң, облыс әкімі Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сапар Сағынтаевты құттықтап барды. Облыста ұзақ жылдар басшылық қызметтерде болған ардагердің өмір жолы, өзіндік ұстанымы көп жағдайда өзгелерге ұқсай бермейді. Ол кейінгі буынға тәрбие ісі ортақ міндетіміз деді.

Көпті көрген, көненің көзі саналатын қарияларымыз өздері бастан өткерген өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, ел тыныштығын тілеп отыратындарын айтты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
16:42, 30 маусым 2020
25 ЖҮКТІ КЕЛІНШЕК ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚТЫ
Толығырақ...
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
16:25, 30 маусым 2020
ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 34 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...