ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНДІ ӨҢІРДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13:42, 22 шілде 2019

Сондай-ақ, аймақ басшысы бүгін Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барды. Оңдасын Оразалин "Восход" компаниялар тобының басшылығымен кездесіп, мерекелік салтанатты шарасына қатысты. Сонымен қатар, аудандағы егістік алқаптары мен мал шаруашылығының мән-жайынмен танысты. Хром, руда тағы басқа да түсті металлдар өндірісін аймақта дамытып отырған Хромтау ауданы. Облыс басшысы жұмыс сапарын осы өндірістің мән-жайын білуден бастады. Кен орнында хром оксидін, тау-кен қазбаларын, руда өндіретін бірнеше мекемені қамтитын "Восход" компаниялар тобы өндіріс тасын өрге домалатып отыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалинге компания басшылығы өндіріс әлеуеті туралы айттыКомпания жоспарларын тыңдап, Оңдасын Оразалин қолдау көрсететінін айтты. Алайда, 2018 жылдың өнім көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмендегенін тілге тиек етті. Кен өндіретін мекеме ауданда 15 жылдан бері тұрақты жұмыс жасауда. Металлургтер күні қарсаңында олар қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырып, үздік мамандарды марапаттады. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы да ерен еңбегімен еленгендерге Алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстады. Бүгінде аталмыш мекеме шахта өндірісінен шыққан суларды кәрізге төкпей қайта өңдеп отыр. Су тазарту құрылғысы шахта суларын бірнеше сүзгіден өткізеді. Бұдан соң облыс басшысы егістік алқаптарын аралады. Егін өсіріп отырған шаруашылықтар жерді ылғал сақтау әдісімен өңдеген. Ауданда суармалы учаскелері бар шаруалар ірі қараны көбейтіп отыр.  Мәселен, "Жантізер" шаруа қожалығы асыл тұқымды мал ұстайды. Шаруа қожалық ақбас сиырды көбейтуді қолға алған. Бөлімшелер мал басын 90-ға жеткізсе, оларға 1 млн теңге сыйақы беріледі. Ақбас сиыр Қостанайдан әкелінген. Етті ірі қараға сұраныс көп. Өңірдегі сауда орындарын етпен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар шетелге де шығарылады. Шаруақожалығында 8 бөлімше бар. Оның жетеуі ірі қара мал өсіреді, енді бірі мал бордақылау кешеніне арналған. 80-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қожалық етті, сүтті сиыр басын арттыруға басымдық беріп отыр. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар да малдарын осы қожалыққа өткізу арқылы сатып ақша қылып отыр. Ал, бұл жұмысын аймақ басшысы Оңдасын Оразалин өзгелерге үлгі етті.Аудандағы жұмыс сапарын қорытындылаған облыс басшысы ұсыныстар мен ондағы мәселелерді назарға алып, жауаптыларға міндеттер жүктеді.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...