ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ САПАЛЫ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

18:41, 11 қазан 2018

"Нұр-Ақтөбе" шағын ауданындағы жылу қазандығы кеңейтіліп жатыр. Іске қосылған кезде қалашықта бой көтеріп жатқан жаңа үйлерді де жылытуға қуаты жетеді. Бүгін мұндағы жұмысты көрген облыс әкімі мердігерге құрылысты уақыт оздырмай аяқтауды тапсырды. Бердібек Сапарбаев қаладағы өзге де жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Нұр-Ақтөбе ауданындағы жылыту қазандығын кеңейту жұмыстары өткен жылдың соңында басталды. Қазір жұмыс қызу. Жаңадан сыйымдылығы үлкен төрт бірдей су жылыту қондырғылары қойылып, нысанның аумағы ұлғайтылуда. Мердігер компания өкілдері барлық құрылысты бір айдың көлемінде аяқтаймыз деп отыр. Оған толық мүмкіндігіміз жетеді дейді.

Жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге көлемінде бюджет қаржысы жұмсалуда. Нысан жұмыс істеген кезде осы шағын аудандағы барлық үйлер үздіксіз жылумен қамтылатын болады. Тіпті, жаңадан бой көтеретін көп қабатты үйлер мен өзге де нысандарды қамтуға толық қуаты жетеді. Қазандықтың ерекшелегі мен мүмкіндігі жөнінде облыс басшысына жауапты басшылар баяндады.

"Нұр-Ақтөбеге" берілетін электр қуаты да жаңа желілер арқылы берілетін болады. Қазір "Восточная", "Ақжар" шағын станцияларында да жұмыс қарқыны артқан. Жаңа трансформаторлар қойылуда. Нәтижесінде, электр қуатын тарату 110 кв-тан асатын болады. Мұнан кейін облыс әкімі Әлия Молдағұлова даңғылы бойында салынып жатқан жер үсті өткелінің құрылысын көрді. Көлік ағыны тоқтамайтын даңғылды жаяу жүргіншілердің кесіп өтуі қиын. Сондықтан да, екі аумақтан өткел тұрғызылуда. Өңір басшысы құрылысшыларға қолға алынған жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Қазір құрылыстың басым бөлігі аяқталған. Таяу уақытта пайдалануға берілетін болады. Ішкі және сыртқы келбеті де қала көркімен үндестік таппақ.

Аймақ жетекшісі баспасөз үйіне аялдады. Бұрыңғы баспахана ғимараты күрделі жөндеуден кейін жаңа кейіпке еніп, қаладағы әсем нысандардың біріне айналды. Облыстың қос бірдей басылымы "Ақтөбе" мен "Актюбинский вестник" газеттері және өзге де бірнеше журналдарды біріктірген "Ақтөбе медиа" серіктестігінің ұжымы қазір осында отыр.    

Ғимарат соңғы 15 жыл бойы жөндеу көрмеген. Тек биыл "Ақтөбе" ӘКК" тарапынан қомақты қаржы бөлініп, нысан жаңартылды. Коммуналдық желілері тартылды. Мұнда енді баспахана, басылымдардан өзге, алдағы уақытта бизнес-инкубаторды орналастыру көзделген. Ал, "баспасөз үйінің" ресми ашылуы мен өңірдің ең көне газеті "АВ" 100 жылдық мерейтойы қарашада аталып өтпек.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...