Облыс әкімі Қытайдың белді компаниясының басшысымен кездесті

Облыс әкімі Б.Сапарбаев "SINOPEC GROUP" компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің президенті У Минлиньмен кездесті

18:47, 10 тамыз 2017   184

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "SINOPEC GROUP " компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің президенті У Минлиньмен кездесті. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және әрекет етуші өндіріс орындарын кеңейту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Ақтөбе облысында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың жергілікті мазмұндағы үлесін арттыру, жұмыс орындарын сақтап қалу, қызметкерлердің еңбекақы деңгейін өсіру мәселелеріне баса назар аударды. Өз кезегінде У Минлинь өзара тиімді серіктестікке, соның ішінде «Нұрлы жер» және «Бір белдеу - бір жол» бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы өзара тиімді серіктестікке дайын екендігін білдірді. «Мемлекет басшысы экономика өсімін кем дегенде 4% қамтамасыз етуді тапсырды. Біз бұл көрсеткішке бірінші жарты жылдықтың ішінде қол жеткіздік және жыл қорытындысы бойынша экономика өсімін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан, мұнай өңдеу компаниялары өнім көлемін төмендетпеулері қажет. Және, шетелдік инвестиция көлемі де төмендемеуі тиіс»,-деді облыс басшысы. 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44