ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:30, 15 шілде 2019

 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Шалқар ауданына барды.  Өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып,  тұрғындармен жүздесті. Жаңадан бой көтерген білім ошақтары мен мәдениет үйінің салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты. Шалқарда ашылған екі мектептің біреуі  Тоғыз ауылында. 120 орынға арналған нөмірі жетінші мектептің жаңа ғимараты кең, жарық, пәндік кластар арнайы жабдықталған, интерактивті кабинеттер, спорт залы, асханасы бәрі-бәрі осы заманның талабына сай. Мердігер ұйым "Атамекен" серіктестігі құрылысты өткен жылы сәуірде бастап, 1 жыл үш айда аяқтап отыр.Шалғайдағы ауылдың оқушылары жаңа оқу жылын жаңа мектептен бастаймыз деп қуанды.Мұғалімдері ғалым да, шахтер де бас иетін мектептен елге қызмет қылып жүрген талай тұлғалар түлеп ұшты деп мақтан етеді.Мектептің ашылу салтанатына аймақ басшысы да қатысты. Ол жаңа ғимарат білім сапасын арттыруға мүмкіндік бередә, зор жауапкершілік жүктейді деді.Бұдан соң, Оңдасын Оразалин балаларға жасалған жағдаймен танысты, мектеп ішін аралап, көоһріп, кластардың заманауи үлгіде жабдықталғанына назар аударды. Ал бұл Мырзағұл Шыманұлы ауылында ашылған 60 орындық Сарықамыс негізгі орта мектебі. Шағын ауылдың шағын мектебі екі жыл салынды. Ел игілігіне берілуіне көпшілікпен бірге куә болған облыс басшысы ұрпақтың білім алуын әлемдік деңгейге теңестіру үшін бар жағдайдың жасалатынын атап өтті. Ол екі мектептің ашылуына орай, қажетті құралдар алуға қомақты қаржылай сыйлық табыс етті.Ашылу салтанатына келген ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдірді.Білім ошағы жаңа оқу жылына сақадай сай дайын десе болады. Заман талабына сәйкес, соңғы үлгіде салынған мектепте спорт  залы, асханасы, кітапханасы бар.Ал Айшуақ ауылдық округіне қарасты Бегімбет ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды.120 орынға арналған нысанның құрылысы өткен жылы басталған болатын. Мәдениет ошағы жергілікті  тұрғындардың  ұлттық өнермен сусындауына, талантты жастардың  талабын шыңдауға мүмкіндік бермек.Бұдан соң, облыс әкімінің Шалқарға жұмыс сапары «Нұралы»  шаруа қожалығында жалғасты. Шаруашылық 460 бас ірі қара, 820 бас қой өсірумен айналысып отыр. Биыл мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында   60,0 млн.теңге несие алып, Ресейден 105 бас абердин-ангус тұқымды ірі қара алып келген. Сондай-ақ, мұнда  5000 басқа дейін мал бордақылауға арналған кешен салынып жатыр. Инвестиция көлемі - 300,0 млн. теңгені құрайтын кешеннің құрылысы биыл аяталмақ.Өткен  жылы мал сою және ет өңдеу цехы іске қосылған. Инвестиция көлемі - 147,0 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1000  тонна сиыр етін, 400 тонна қой етін өндіреді. Мұнда қазақтың ұлттық асы етті сый табақ, бас табақ, бір асым ет деп жазылған қораптарға салып дайындайды. Мұндай қораптағы етті Ақтөбе ғана емес, көрші облыстардан тапсырыспен лезде алып кетеді екен.Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы, аудан әкімі Бауыржан Қаниевке ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайын дамытуды, қосымша жұмыс орындарын ашып, мемлекеттік  бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тартуды тапсырды.

Айгүл Баймен

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...