ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШАҺАРДЫҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

16:45, 6 қыркүйек 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин  Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылысы жүріп жатқан жобалардың жұмысын бақылады. Миллиондар шаһары болатын қаланың дамуына қатысты бірқатар міндеттер жауаптыларға жүктелді. Апатты жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындарын жаңа баспанаға көшіру, өзендер жағалауларын бекіту, балабақшаларды жөндеу сияқты жұмыстарға қатысты жоспарлармен танысты. Өңір басшысы алдымен ескі ғимаратта орналасқан мемлекеттік "Гүлдер" бала-бақшасында болды. Ғимарат 1970 жылы салынған нысан 280 орынға арналған. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл бала-бақшаның ағымдағы жөндеуіне 16 млн теңге бөлініп,  жылу жүйелері мен терезелері ауыстырылады. Оңдасын Оразалин қала әкіміне, және білім басқармасының мамандарына балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеуді, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетін мердігерге тапсыруды атап өтті. Айтып өтейік, Ақтөбе қаласында  жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектепке дейінгі ұйымдардың саны - 30. Облыс әкімі тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын жаңа көп қабатты үйлерге қоныстандыру бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты. Шаһар басшысы Мавр Абдуллиннің айтуынша, Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорына талдау жүргізілген. мамандандырылған ұйым 1801 көп қабатты тұрғын үйдің он жетісін апатты жағдайда деп таныған. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерді бұзуға келісім беріп,  8 пәтер сатып алынған. Құны 57 млн 600 мың теңгені құрады. Мердігер  ұйым көп пәтерлі баспананы бұзды және 54 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй  салу жоспарлануда. Сондай-ақ, "Жастар құрылыс" компаниясы 17 апатты жағдайдағы үй тұрғындарын Жаңақоныс ауылына көшіріп, 250 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. "Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әсіресе  коммуналдық  саланың сапасына ерекше назар аударылсын. Жарық, су  газ мәселесінен тұрғындар қиындық көрмеуі қажет, Сондай-ақ, бұзу жүргізілген үйлерден қалған жерлердің орыны бос жатпауы назарға алынсын",- деді облыс әкімі. Оңдасын Оразалин көру және сөйлеу қабілеті нашар  балаларға арналған №11 "Ақбота" мекемесінде болды. 220 орынға арналған ғимаратта 10 топпен 36 педагог балалармен  жұмыс жасайды. Аймақ басшысы сонымен қатар, ашық стадионы бар жеңіл атлетика манежі, Бөкенбай көшесінің  бойынан салынып жатқан IT орталықтың және  Арынов көшесіндегі  ұзындығы 696 метр болатын жол өткелінің құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылады. Аталған жобаларды салуды  қолдарына алған мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды. Облыс әкімі Елек өзені аймағына да барды.  Табиғат жанашырларымен  арнайы кездесіп, әрқайсысының пікірін тыңдады. Осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлері үшін алғыс білдірді. Қазіргі уақытта өзен арнасын кеңейту,түбін тереңдету, бекіту жұмыстары тоқтатылған. Оңдасын Оразалин жаңа жобаға енгізілетін өзгерісте қоғам белсенділерінің ой-пікірлері ескерілетіндігін жеткізді. Облыс басшысы Ақжар тұрғын үй алабын аралады. Кезінде заңсыз салынған жер үйлердің тұрғындары үшін инфрақұрылым тарту мәселесі күрделі болып келді. Шаһар басшысы Мавр Абдуллин Ақтөбе қаласы бойынша 428 бау-бақша ұжым барын айтты. Саяжай алаңы 2676 гектарды құрайды. Қазірбау-бақша ұжымындарына тұрғын үйлер мәртебесін беру шаралары қолға алынды. Мәселен, өткен жылдан бастап 40 бау-бақша ұжымы тұрғын үйлер аумағы мәртебесін алды. Оңдасын Оразалин жауапты мамандарға жер телімдерін бергенде  барлық талаптардың жан-жақты сақталуын, сумен, газбен жабдықтау мәселесі  бақылауда болуын тапсырды. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында Ақжар қосалқы электро станциясының кеңейтілу жұмысымен және "Нұр Ақтөбе" тұрғын үй алабындағы 900  орындық мектептің құрылысымен танысты. Білім ошағы жылдың соңында пайлалануға беріледі деп күтіледі. Облыс әкімі құрылыс жұмыстары бойынша және жүзеге асып жатқан жобалар аясында қала басшысына міндеттер жүктеді.

Гүлнара Жорлжанова

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...