ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ

18:11, 15 сәуір 2019

Ақтөбенің жаңа шағын аудандарындағы ғимараттарға жаңашылдық керек. Архитектуралық келбетке мән беріп, заманауи технологиялар көптеп пайдаланылуы шарт. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин шаһардағы құрылыс компаниялары және қала билігі басшыларымен кездесуінде осылай деді. Демалыс күндері өңір басшысы "Батыс-2" және "Батыс-3" ықшам аудандарының дамуымен танысып, құрылыс қарқынын бағамдады.
Алып құрылыстар алаңына айналған Ақтөбеде бірнеше әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар бой көтеруде. Тіпті, жаңа шағын аудандар да пайда болды. Соның бірі және бірегейлері - Батыс-2 және Батыс-3. Бүгінде мұнда жалпы ауданы 312 мың шаршы метрді құрайтын 3000 пәтерге арналған 32 үйдің құрылысы жүргізілуде. Қарқын бәсеңдемеуі тиіс.

Сондай-ақ, көшпелі жиын барысында Ондасын Оразалин шағын аудандардағы жаңа ғимараттар мен аймақты жобалауда заманауи ақылды технологияларды  пайдаланып, ерекше архитектуралық жаңалықтарды енгізу керек деді. Өйткені, нысандар адам қызығарлықтай емес, бір-біріне ұқсас.  Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына құрылыс жұмыстарының қарқынын үнемі бақылауда ұстап, ықшам аудандарды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Тұрғын үй сапасын назарға алмағандарға қатаң шара қолданылатынын жеткізді. 

Сапа ерекше назарға алынады. Өкінішке орай, тұрғындардың тарапынан тұрғын үйдің сапасына байланысты шағымдары бар. Бұндай енді болмауы керек. Тәртіп бұзушыларға қатаң шара қолданылатын болады. Қалалық билікке ең алдымен - мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелерге әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырамын. Пайдалануға дайын жаңа үйлерде алғашқы тұрғындардың орналасуы кезінде аулалар абаттандырылып, жолдар мен тротуарлар төселіп, балалардың ойын алаңдары орнатылуы және автотұрақтарда орындардың саны жеткілікті болуы қамтамасыз етілуі керек

Биылдан бастап Батыс-2 және Батыс-3 тұрғын аудандарында екі деңгейлі аулаларды салу жоспарлануда, жертөлесі паркингпен жабдықталып,  үстіңгі қабатта балалардың ойын алаңдары болады. Облыс әкімі мердігерлермен кездесу кезінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 
Гүлбағда Қайратқызы
Самат Қалекенов.

Тақырып бойынша материалдар

КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
20:54, 17 шілде 2019
КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
20:53, 17 шілде 2019
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар