ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

20:39, 20 наурыз 2019

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин жастар кеңесінің отырысына қатысты. Жыл иелері - жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, еңбек нарығындағы жағдай туралы пікірлесті. Қазақстан мұнай жабдықтары зауытында өткен жиынға тек жастар ғана емес, басқармалардың, ірі өндірістердің басшылары да келді. 

Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарға сенген Елбасы биыл Қазақстанда Жастар жылын жариялаған болатын.  Осыған байланысты бұған дейін өткен жиындардан бүгінгі басқосу өзгерек болды. Салтанатты сарайда емес, мұнай жабдықтары зауытында өтті. Мұның мақсатын облыс әкімі бүгінгі студент, ертеңгі маман өндірістің лебін өзі сезінгені дұрыс деп түсіндірді. Оңдасын Оразалин жастар уақыт көшіне ілесуі, жаңа технологиялардан тыс қалмауы керек деді. 

Өндірісі озық елдің маманын мектептен бастап даярлау мәселесі бүгінгі күннің талабы. Облыс әкіміне бұл тұрғыда "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқанын жастар баяндады. 

Ірі өндірістерге лайықты маман даярлау мәселесінде көп түйіткіл бар. Оқу орнында алған білімнің сапасы зауыт табалдырығынан аттап, тәжірибеге кіріскенде сыналады. Сондықтан жастарды жауапты жұмысқа сай даярлау жүйесінде нақтылық керек деді облыс әкімі. 

Мамандарды экономиканың тамырына қан жүгірткен саланың талабына сай бағыттау туралы облыс әкімінің сөзін компания басшысы құптай түсті. Қазір Дөң тау-кен байыту комбинаты мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс істейтін 12 мың адамның 4 мыңы жастар деді ол.     

Ал осы жиынға қатысқан "СНПС Ақтөбемұнайгаз" компаниясының бас директоры өзімізде даярланатын мамандарға көңілі толатынын түсіндірді. Бірақ, оның сөзін алдымен ресми тілде кейін мемлекеттік тілде түсініп алуға тура келді. 

"Біз жиындарда негізінен ресми тілде сөйлеп жүрміз. Техниканың, терминологияның тілі сол деп сылтауратамыз. Бірақ, бұл жөн емес, мемлекеттің тілінде сөйлеуге өзімізді бейімдеп, жастарды үйретуіміз, оқу орындарында қалыптастыруымыз керек" деп ескерткен облыс әкіміне ғимаратта қазақ тіліндегі жазудың жоқтығы оғаш көрінген. "Мен осы кәсіпорынға кіргенде бірден байқадым, бәріңіздің де көзіңіз түскен болар, айналадағы ақпараттың бәрі өзге тілде ғана жазылған. Біз осыны айтып, тиісті талап қоюымыз керек. Жастар өндіріс саласына маман болып келгенде өз тілінде сөйлейтіндей етіп тәрбиелеуге тиістіміз, - деді облыс әкімі. Деп қана қойған жоқ, өзіміздің қара көз аудармашыға ерекше ескеруі тиіс ұсыныс айтты.    

Облыс әкімі мұндай басқосулар бос сөз болмауы тиіс деді. Сондықтан, жиын қорытындысында жастардың еңбекпен қамтылуына ықпал ететін меморандумдарға қол қойылды. Бірнеше кәсіпорындар мен оқу орындары арасында бекіген құжаттардың салмағы зор. Өндіріс басшылары уәдеде тұрып, биыл дипломды түлектерге жұмыс тауып бермек. 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...