ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

18:47, 12 қыркүйек 2018

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. "Рухани жаңғыру жолындағы қоғамның рөлі" тақырыбында өткен кездесуде ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу, жастар арасында қылмысты, тәртіпсіздікті болдырмау, жұмыссыздықты жою, оларды түрлі іс-шараларға қатыстырып, бос уақыттарын тиімді ету және тұрғындардың мәдениетін көтеру мәселелері талқыланды. Интеллегенция өкілдері бұл тұрғыдағы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Облыс әкімінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуі - маңызды сипаттағы шара. Бүгінгі жиынға танымал ақын-жазушылар, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, саяси партиялардың белсенді мүшелері келді. Аймақ басшысы алдымен оларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысынан хабар етіп, түрлі салаларда атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Экономиканың тұрақты әрі қарқанды дамуы - ел азаматтарының әлеуетін арттыруға септігін тигізетіні анық. Өркендеу, жоғары мәдениеттілік, адами құндылықтар қарапайым тұрғындардың бойынан да табылуы тиіс. Рухани жаңғыру алғырлық, белсенділік және еңбексүйгіштік қасиеттермен бірігіп жатса, ондай адамды қоғам үлгі етеді. Алайда, қазір тұрмыс түзелген сайын жалқаулық және өзге де зиянды әдеттердің көрініс табуы азаяр емес дейді облыс әкімі. 

Облыс әкімі бүгінгі күні тәртіпбұзушылық деректерінің әрбір үшіншісі жастардың қатысуымен болатыны - алаңдаушылық туғазатын мәселе деді. Оған қоса, неке құрған жас жұбайлардың отбасы құндылықтарын сезінбей ерте ажырасуы, қарттарға қамқорлықтарының аздығы, тіпті қаланың көркін қадірлемеуі де ойландыратын мәселе деді. Ал, жат ағымның жетегінде кеткендерге де көңіл бөліну керектігін атап өтті. 

Қоғамда орын алған келеңсіз жәйттердің көбісі тәрбиеден дейді зиялы қауым өкілдері. Сондықтан да ата-аналар мен педагогтардың да жауапкершілігін арттыру қажет дейді.

Кездесуде көтерілген сұрақтарға орай, тиісті ұйымдардың өкілдері жауап беріп отырды. Жастарды тәрбиелеуде маңызды, тағылымы мол шаралар өткізуді және өскелең ұрпақ өкілдерімен ашық әңгімелесу керек дегендер де болды. Тіпті олардың оқитын оқулықтарын, әдістемелік құралдарына да баса көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Ел ертеңі жастарды сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтудан өзге,  оларды еңбексүйгіштікке баулуда кешенді жұмыс қажет деп нақты ұсыныстарын айтты.

Қоғамның дамуы адаммен байланысты деген жиналған қауым, күнделікті өмірде кездесетін келеңсіз жайттарды болдырмау, ондай мәселелермен күрес туралы біраз ой қозғады. пікіріелерін ортаға салып, талқылады. Қортындысында, зиялы қауым бұл тұрғыда билікпен, қоғамдық ұйымдармен бірге екендіктерін жеткізді.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар