ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МӘРТӨК АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

18:10, 10 наурыз 2019

Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барды. Шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты. Мәселен, биыл ауданда "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасымен  15 жобаны іске асыру міндеті тұр.  Халықпен жүздесіп, көп балалы аналардың мәселесін қарауды да ұмытпады. Ауданда алғаш рет салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. "Зәру" шиапажайындағы дәрі-дәрмек препараттарды өндіру жоспарымен танысты.

Облыс әкімі алдымен Саржансай ауылы іргесіндегі "Айс" сүт фермасына барды.  Мұнда 800 бас сиырдан күніне орташа есеппен  26,5  тоннаға жуық сүт сауылады. Ферма қызметкерінің айтуынша цифрландырудың арқасында сауыншылардың жұмысы жеңілдеген. 130 жұмысшының дені жергілікті тұрғындар. Мемлекеттен несие алып, шаруашылығын кеңейтіп жатқан кәсіп иелерінің де саны күн санап артып келеді. Бір ғана дәлел малға жүгері мен жоңышқадан жасалған жемді дайындау және сақтау бағытындағы ауқымды “Milker” серіктестігінің  жобасы. Жобаның екінші кезеңінде, яғни 2020-2022 жылдарда 1600 басқа шақталған сүт-тауарлы ферма іске қосылады. Осы жоспарды бөліскен ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесуінде облыс әкімі ел әлеуетін көтеремін деген кәсіпкерді мемлекет әрдайым қолдауға әзір екенін жеткізді.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Достық үйінде өтті. Алдында алдымен аудан әкімі Жандос Байырханов өткен жылдың жұмысын баяндады. Әсіресе, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек бойынша 286 шаңырақ қолдау тапқанын айтты.

Тұрғындар еркін форматта облыс әкімімен емен-жарқын әңгімелескен басқосуда өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды. Аудан орталығында Достық саябағын салу туралы өтініш айтылды. Тұрғындар тарапынан автожолдардың сапасына, қар тазалау жұмыстарына және мал жайлымының тапшылығына қатысты мәселе қозғалды. Мәртөк жұртының бұл мәселелерін шешуге байланысты өңір басшысы аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Жалпы, Мәртөк 13 округі, 34 ауылы бар  30 мың халықтың мекені. 39 ұлттың өкілдері қоныстанған. Олардың бір ауданда тұрып жатқанын айта келе аймақ басшысы ең басты құндылық ауызбіршілік екенін атап өтті.

Облыс әкімі сондай-ақ, аудан басшылығына Мемлекет басшысының Нұр Отан партиясының съезінде жүктеген міндеттемелерін сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп тапсырды. 

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Біздің облысымызда төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған 13 400 отбасы бар. Мәртөк ауданында ондай отбасылардың саны - 424. Олардың бәрі бірдей осал адамдар емес, олардың ішінде нағыз көмекке мұқтаждар бар. Міне, оларға көмектесу керек. Мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын мейлінше күшейтіп жатыр. Бірақ, бұл масылдық көзқарас қалыптастырмауы тиіс. Еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуіміз керек. Жәрдемақыға емес, өз еңбегімен өмір кешуі үшін балаларға білім, кәсіп беру маңызды. Сондйқтан, біз жас ұрпақтың бойында еңбексүйгіштікті қалыптастыруға тиістіміз.  

Облыс әкімінің жұмыс сапары дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғасты. Құрылыстың қазір панельмен көмкерілетін метал қабырғасы орнатылып жатыр. Бассейні бар кешеннің ауданы 25 те 9 метр. Спорттық ойындарына, күреске және тренажёрге арналған залдары бар кешеннің жалпы құны - 323 миллион теңге. Өңір басшысы кешенің құрылысы биыл аяқталуы үшін уақытылы қаржыландыру мәселесін бақылауға алатынын жеткізді. Ал жұмыс сапарының соңында облыс әкімі марал шаруашылығына және «Зәру» пантымен емдеу шипажайына барды. Бүгінгі күні шипажай жанындағы 700 гектар жерде 160 марал бар. Фермерлердің айтуынша, маралға қажетті шем-шөп жергілікті шаруа қожалықтарынан алынады. Ал пантыны өңдеу үшін  биыл шипажай жанынан арнайы цех салынып жатыр. 
АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР
 

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...