ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:12, 14 тамыз 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ауданның бірқатар елдімекенінде болған аймақ басшысы егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының жұмысын бағамдады. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған жобалар да назардан тыс қалмады. Жұмыс сапары барысында Оңдасын Оразалин аудан басшылығына тұрғындармен кездесуде көтерген мәселердің тез арада шешілуін тапсырды. Алдымен өңір басшысы аудан орталығы Бадамша ауылына атбасын бұрды. Мұнда Оңдасын Оразалин орталық саябақты салтанатты түрде ашты. Саябақ құрылысы екі жылда аяқталған. Мерекелік кеште облыс әкімі "Мектепке жол акциясы" аясында 500 мың теңгенің сертификаты мен көп балалы үш анаға пәтер кілттерін табыс етті. Содан соң, аймақ басшысы Бадамшадағы апатты жағдайдағы өнер мектебінің ғимаратын көрды. 1953 жылы салынған 500 орындық нысанның орнына жаңа орталық салу бойынша ұсыныс әзірлеуді жауаптыларға тапсырды. Құжаттарың дайын болса, ұсыныстарыңды бере беріңдер. Апаттық жағдайда тұрған ғимараттың орына дұрыс, қазіргі заманның талабына зай өнер орталығын салу керек.Аудандық аурухананың жұмысы да өңір басшысының назарынан тыс қалмады. 1955 жылы бой көтерген  медициналық мекеме бір мезетте 150 науқасты қабылдай алады. Мұнда қазір 6 дәрігерлік амбулатория, 9 медициналық бөлімше, 54 кереуеттік бір стационар жұмыс істейді. Дертіне дауа іздеген жан үшін емдеу орнында барлық жағдай жасалған. 
НАДЕЖДА  ЗЕРКО /ПЕНСИОНЕР
-  Аурухананың жағдайын айтар болсақ, бұл мекемеге жоғары баға беруге болады.  Өзім осы ауданның тұрғынымын. Теміржол саласында қызмет еттім. Біз секілді зейнет жасындағы адамдар үшін жанымызға шипа болар бірден-бір орын. 
17 мың тұрғыны бар Қарғалы ауданында 17 елді мекен, 8 ауылдық окург бар. Бадамшаның өзінде 243 жеке кәсіпкер өзі істерін дөңгелетіп отыр. 
Қарғалы облыстағы өзге аудандарға қарағанда егістіктен өнімді өнім ала білген өңірлердің бірі. Жалпы ауданның шаршы метрі 5000 га құраса, оның 184 га егіістікке арналған.
Оңдасын Оразалин Велихов ауылдық округіндегі дәнді-дақылдар өсірумен айналысатын "ДиЛэнд" серіктестігінің жұмысын көрді. Мұнда қазір егістік көлемі 17 896 га. Оның ішінде дәнді дақылдар - 13440 га болса, 1400 га жерге бұршақ, 450 гектарға зығыр егілген. Ал, Қосестек аулындағы "Қосестек" сүт өнімдерін қайта өндіру цехы меншігінде 4 тонналы сүт қабылдау пункті бар. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қуаттылығы тәулігіне 2 тонна. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімінің импортын төмендету және азық-түлік бағасын ұстап тұру  үшін әлі де өнімді еңбек етуді керек деп атап өтті.
Қосестек елдімекенде тұрғындармен кездескен өңір басшысы ауыл-аймақтың мәселесін тыңдады.  Алдағы жоспарлар айтылып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған жобаларға да зер салды. Көпшілік облыс әкімінен жолдарды жөндеуге қаржы бөлуін сұрады. Жобалық-семталық құжаттың ұсынысы берілді.  Осы аулдың тұрғындары атынан осы жаңа жылға қаржыны бөлсеңіз екен. Өзінің еңбегімен табыс тауып отырған елге, әрине көшені асфальттау шешілетін мәселелердің бірі  депойлаймыз.Енді мына тиісті құжаттарды дайындап жатсыздар. Соны тездету керек. Алдымыздағы жылдың бюджетіне кіргізуге талаптану керек.  Бадамша ауылында 300 орындық орта мектеп пен 70 орындық интернат, спорттық кешен және 4 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 300-ден астам азамат баспана кезегінде тұр. Осы жылдың қаңтар- маусым айларында 3 мың 556ш/м тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал келесі жылы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй ,2 қабатты 8 пәтерлі 2 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
21:33, 11 желтоқсан 2019
президент принял председателей Национального банка и Агентст...
Толығырақ...