ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

19:39, 9 қыркүйек 2019

Хромтаулықтар "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы аясында баспаналы болды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау ауданынан жұмыс сапары барысында аз қамтылған отбасыларға пәтер кілтеттерін табыстады. "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған 4 қабатты тұрғын үйде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 48 пәтерлі үй №22 ауданда орналасқан. Жоба құны 783 млн.теңге.Екі бөлмелі пәтерлердің кілтін өңір басшысы табыстады. Хромтау қаласының тұрғыны Людмила Яковенконың қуанышында шек жоқ. Өйткені зейнеткердің екі немересі баспаналы болды. Ата-анасыз қалған қыздарды әжесі тәрбиелеген.

ЛЮДМИЛА ЯКОВЕНКО /ЗЕЙНЕТКЕР

- Бүгін екі немеремнің біреуі баспаналы болып жатыр. Екінші қыз да бұйырса осы үйден алады. Аналары босанғаннан кейін көз жұмды. Өзім өсірдім екеуін де. Өзім зейнеткермін. Осындай мүмкіндік берген азаматтарға алғысым шексіз.

аурат Ерубаеваның қуанышында шек жоқ. 6 баланың анасы 13 жыл пәтер жалдап тұрған. Жұбайы шахтер. Өзі бала күтімімен үйде отыр. Бүгін ол баспаналы болды.Жаңа үйде шашу шашылып, мерекелік дастарқан да жайылды. Қоныс той тойлағандарға облыс әкімі тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина сынды техника сыйлады. Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болғандардың бірі -ата-анасыз өскен 25 жастағы Әнуар Амангелдин. Ол қалыңдығын бірден жаңа пәтеріне алып келді. Жаңа үй орналасқан ауданда 320 орындық балабақша салынып жатыр. Қаржыны әлеуметтік жауапкершілік аясында Дөң-Тау Кен байыту комбинаты бөлген. Құрылысы келер жылы аяқталуы тиіс. Өңір басшысы аудан әкіміне ғимараттың толық коммуникациямен қамтылуын тапсырды. Кейін Оңдасын Оразалин бастаған топ  қыркүйекте ашылған Хромтау гимназиясына барды. Мұнда 357 бала білім алып жатыр. Аралас мектеп, 23 сыныптың екеуі орыс кластары. Мектепте кәсіби спортпен шұғылдануға жағдай бар. Оқушылар арасынан республика чемпиондары да шыққан. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс екендігін айтқан облыс басшысы мектепке дереу бейнекамера орнатуды тапсырды.Облыс әкімінің Хромтау қаласында жүргенін естіп, қабылдауға келгендер болды. Тұрғындар жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемаларын жеткізді. Баспана сұрап келушілер, бизнес ашу үшін жер сұрағандар да болды. Бұл мәселелермен аудан әкімі Нағымжан Алдияров айналысуы тиіс.Хромтау қаласынының орталық саябағы қайта жаңғыртылып жатыр. Енді мұнда спорт алаңдары, вело-жолақ,балалар алаңы, сахна, скандинав жүрісі үшін тротуар, су бұрқақ пен гүлзарлар болады. Саябақтың аумағы-15 гектар. Бюджеттен 445 млн.теңге қаржы бөлінді. Келер жылы Астананың туған күніне орайластырылған шаралар осында өтуі тиіс. Оңдасын Оразалин құрылысты 2020 жылдың жазына дейін аяқтауды тапсырды.Дөң кең-байыту комбинаты аудан орталығында Стадион салды. Футбол ойнауға кәсіби алаң, спортшыларға арналған  200 адамдық қонақ үй де осында. Стадион республикалық шараларды өткізуге дайын. Кейін Оңдасын Оразалин бастаған топ Қопа ауылдық округінде орналасқан  №14 газ компрессорлық стансаның жұмысымен танысты.  Бұл станция заманауи техникамен жабдықталған.Тамды ауылындағы Сәтпаев орта мектебінде спорт зал жоқ. Жылдың қай мезгілінде де дене шынықтыру сабағы сыртта өтеді. Ал Қопа ауылының басты проблемасы-жол. Облыс басшысы бұл мәселені Алға ауданының әкіміне тапсырды. Нағымжан Алдияров бір аптаның ішінде жол бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуі тиіс. Үлгермесе келесі жылдың бюджетіне кірмейді. Құрғақшылыққа байланысты қопалықтарға мал азығын дайындау қиынға соғыпты. Пішен аз. Сиырдың сүті тілінде. Тамағы тоқ болмаса, ірі қарадан өнім күту қиын,-деп отыр ауыл тұрғындары. Тағы бір мәселе-жайылым жер жоқ. Бәрі кәсіпкерлердің меншігінде.  Төрт түлігіне жайылым таппай тарыққан жұрт Оңдасын Оразалиннен көмек сұрады. Облыс әкімі бұл мәселені аудан басшысына тез арада шешуді тапсырды. Қопа ауылынан кейін Оңдасын Оразалин "Актеп"серіктестігінде болды. Мұнда "Ангус" тұқымды 13 мың бас сиыр бар. 100 адам жұмыс істейді. Солардың бірі-25 жастағы бақташы Оразақ Самұратов. Айлығым 280 мың теңге,-дейді ол. Отбасымен бірге тұрып жатыр. Шаруашылықта  биыл мал ауруы тіркелмеген. Сібір жарасы, бруцуллезге қарсы екпе жасалып тұрады.  Қопа ауылының тұрғындары биыл ауызсу азабынан айырылды. Әйтсе де тұрғындар ауызсудың сапасына күмәнді. Өйткені ұңғыма қазылған аймақта "Актеп" шаруашылығының малы жайылады. Судың құрамы таза болмауы мүмкін,-дейді ауыл тұрғыны Бақытжан Құрманов. Аймақ басшысы ауызсуға сарапханалық талдау және гидрологиялық зерттеу жасауды тапсырды.

ЖАНАР ДАТҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...