ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 3234 ОТБАСЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

18:16, 8 мамыр 2019

Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру аясында, Ақтөбе қаласы бойынша 3234 отбасы жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке ие болды.  Оларға 500 млн теңгеге жуық қаражат төленді.  Әртүрлі себептерге байланысты, 400 тұрғынның өтініші кері қайтарылды. Біздің тілшілеріміз қолына алғашқы жәрдемақысын алған аналармен тілдесті. Және  кейбір отбасылардың неліктен бұл қаражатты ала алмай жатқанын анықтады.


Амангүл Қалдыбаева- 4 баланың анасы.  Үлкені 14 жаста, кенжесі 1 жасқа жақында толған. Тігінші келіншек қазір бала күтімімен үйде отыр. Ал отағасы жұмысқа жарамсыз. Екі бірдей бүйрегінен айырылған жолдасына  жуырда трасплантациялық ота жасалыпты. Тығырыққа тірелген шақта атаулы әлеуметтік көмек қолына тиіп, жабырқаулы көңілі жадырады. 

Әр баласына 20 789 теңге жәрдемақыға Ақтөбе қаласында 3234 отбасы ие болды. 1 сәуірден бері  500 млн-ға жуық қаржы жұмсалған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп түскен 4500-ден астам  өтініштің 400-і кері қайтарылған. 

Жалпы, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке республика бойынша барлығы 130 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген. Ақтөбе қаласының өзінде аз қамтылған, көпбалалы аналарға 4,5 млрд теңге көлемінде  жәрдемақы төлеу қарастырылып отыр. Дегенмен, мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата алмайтын көп дейді мамандар. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа формат бойынша төлене бастады. Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса,  жаңартылған жүйе бойынша жәрдемақы беріледі. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; баланың мүгедектігі бойынша төлемдер; студенттердің стипендиялары есепке алынбайды.
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар