ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Өзге дін ағымынан Абу Ханифаға бет бұрып жатқандар көп

16:29, 12 қыркүйек 2017

Облыста "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қайта жаңғырады

Облыс аумағында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қайта жаңғырады. Қазір экстремизим мен терроризмнің алдын алу шаралары табысты жүзепге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен антитеррорлық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыс әкімі өңірде дәстүрлі емес ағымдардың жетегінде жүргендер саны азайып, көпшілігі райынан қайтып өз дінімізге бет бұрғанын атап өтті. дегенмен, кейбір аудандарда бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жолға қойылмады деп сынады. Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жолдас Қалмағамбетов облыс бойынша діни тұрақтылықтың сақталғанын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, 14 ақпараттық насихат тобы құрылып, жыл басынан бері өткізілген 1626 шара 32 мың адамды қамтыған. 545 кездесудің нәтижесінде 309 адам дәстүрлі дінге бет бұрды. Бірқатар аудандарда білікті теологтар жұмысқа кірісіп, оларға баспана берілді. Ақтөбе облысы еліміз бойынша бірінші болып, "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорымен байланыс орнатты. Бұл қор Президент тапсырмасы негізінде құрылған болатын.  

ЖОЛДАС  ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Қосымша республкалық деңгейдегі теологтарды тарттық. Жалпы осы сегіз айдан өңірімізде 33 теолог жұмыс жасады. Оның екеуі қазір Ақтөбе қаласында қалып жұмыс жасап жатыр

Облыс әкімі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ол жуық арада облыста 8 бағыт  бойынша "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қайта жаңғыратынын атап өтті.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жұмыспен біз тұрақты, жүйелі айналысуымыз керек. Осы айдың соңына дейін барлық әлеуметтік паспорттар жасалуы тиіс, жұмыссыздар жұмысқа орналасулары керек

Гүлбағда Қайратқызы, Аманжол Айтмағамбетов

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...