ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

20:23, 17 маусым 2019

Ақтөбе облысында қылмыс саны 15 пайызға төмендеген. Тәртіпсіздік, үй тонау және бұрын сотталғандардың қайтара қылмыс жасауына қатысты алдын алу шаралары ведомство аралық комиссияның отырысында талқыланды. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин төрағалық етті. Прокуратураның мәліметі бойынша, жыл басынан бері облыстағы қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген.  Өңір басшысы құқық қорғау органдары қоян-қолтық жұмысс істеп, бірлескен шараларды күшейткен жағдайда нәтиже бұдан да жақсырақ болар еді деді.Оңдасын Оразалин әсіресе тәртіп бұзу деректері, оның ішінде сауықшыл орындардағы тәртіптің бұзылғанын айтты. Қоғамда ушығып тұрған алаяқтық, қалта ұрлығы, мал ұрлығымен күреске көңіл бөлуді тапсырды. Тоналған заттарды сатып алатын жерлерді, алып сатарларды анықтап, жазалауды күшейтіңдер деді.Оңдасын Оразалин мән берген тағы бір мәселе сотталғандардың қайтара қылмыс жасауы. Оларды қоғамға бейімдеу маңызды деді облыс әкімі. Осы ретте айта кететін мәлімет, жыл басынан бері еңбекпен қамту орталықтарына темір тордың арғы жағынан шыққан 273 адам жұмыс сұрап барған. Олар пробацияның есебінде тұр. 129-ы жұмысқа орналасты, 24 адам қазір ақысыз оқыту курстарынан өтіп жатыр. Ал 113-і ұсынылған жұмыстан бас тартып отыр. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, жазасын өтеп келгендерді  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік саласына тартуды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНДІ ӨҢІРДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
13:42, 22 шілде 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ КЕНДІ ӨҢІРДІҢ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МІНДЕТ
13:38, 22 шілде 2019
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ - БАСТЫ МІНДЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар