ШҰҒЫЛ! КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

19:20, 14 қыркүйек 2018

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары құқық бұзу деректерінің алдын алу және қылмыспен күрес мәселесін талқылады. Облыстың бас тәртіптік сақшысы өңірдегі қылмыстық ахуалды баяндады.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Әбісатовтың айтуынша, топтық және тұрмыстық қылмыстар екі есеге төмендеген. Алдын алу жұмыстары оң нәтиже берді дейді сала басшысы.

Заң пәрменімен жұмыстың нәтижесінде құқық бұзғандарға 851 миллион теңге әкімшілік айыппұлдар салынды. Әзірге бұл соманың 57 пайызы өндірілді. Ал, қару жарақ дүкендері толығымен назарға алынды. Қала аумағындағы осындай  үш дүкен шұғыл басқару орталығы арқылы бақыланады.

Тұрақты комиссия қараған екінші мәселе  мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл нәтижелері туралы болды. Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, облыс аумағында әр түрлі бағытта жұмыс жасайтын 610 ұйым тіркелген. Мемлекеттік ұйымдар негізінен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарын жүргізіп отыр. Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 481 милион теңгенің 103 жобасын  іске асырған.

Тақырып бойынша материалдар

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:12, 22 ақпан 2019
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
18:11, 22 ақпан 2019
ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
19:31, 19 ақпан 2019
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ
Толығырақ...