ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Облыста жоғары технологиялы жылыжай кешені салынады

16:27, 12 қазан 2017

"Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі және Венгрияның Экспортты-импортты банкі бірігіп құрған қазақстандық-венгерлік тікелей инвестиция қоры Ақтөбе облысында құны 12 миллион долларды құрайтын жоғары технологиялық жылыжай кешені жобасын іске асырады. Холдингтің баспасөз қызметінің таратқан е  мәліметке сүйенсек, жылыжай кешенінің құрылысы кезең-кезеңімен, үш жылда салынбақ. Жоба бойынша жылыжай жартылай жабық болады, онда Голландияның Кюбо Гроуп компаниясының соңғы үлгідегі Ультра Клима технологиясы қолданылады. Мамандар мұндай технология базасымен салынған жылыжайлар дәстүрлі жылыжайларға қарағанда орта есеппен 20 пайызға тиімді болады деп баға беріп отыр.  Нысанның жалпы аумағы 20 гектарды құрайды. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингісінің басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов тікелей инвестиция қоры арқылы жобаны жүзеге асыру шетелдік инвесторлардың еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне деген қызығушылығының бір дәлелі дейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...