ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

20:00, 12 қаңтар 2021

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қаралды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға барлық тиісті шара қабылданып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жиында өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жасалып, алдағы жылдың жоспары айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалатынын жеткізді. Аймақта инфляция 107,5%-ды, ал негізгі капиталға түсетін инвестиция 646,8 млрд. теңгені құрады. Бюджет қаржысының 355 млрд. теңгесі игерілді, сол көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы өңірлер арасында үшінші орында.​ Бюджеттің жоспарлау кезіндегі ​ 99,8 миллиард теңгені құрайтын кіріс бөлігі 123,5 миллиард теңгені құрады.
«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 2019-2020 жылдары 107 мың тұрғыны бар 17 ауылда 6,6 млрд. теңгеге 39 жоба жүзеге асырылды. Биыл 72,5 мың адам тұратын келешегі бар 32 ауылда 7,7 млрд теңгеге 78 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 41,5 млрд. теңгеге 300 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, 12 мың адам жұмысқа орналасты. 22​ 803 жаңа жұмыс орны құрылды. 

РУСЛАН ХАМБАРОВ
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
Жол картасының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы республикамызда жұмыссыздық деңгейі 0,1% төмендеген жалғыз өңір. Осы жылы шағын және орта бизнеске микрокредит беру үшін 1,1 млрд. теңге, тағы 13,9 млрд. инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға ​ ​ бөлінбек. «Еңбек» бағдарламасымен 54​ 248 адам қамтылып, 2 мыңдай адам мемлекет қолдауын пайдаланды, 1​ 357 адам 745 млн.теңгеге қайтарымсыз гранттар, 953 адам 4,6 млрд. теңге шағын несие алды. Көпшілік мақұлдаған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8%, жастар арасындағы жұмыссыздық - 2,7% құрады.


Өткен жылы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 324,7 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға 22,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өсім - 110 пайыз. Субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 19 млрд теңге бөлінді, соның ішінде 863 млн теңге мал шаруашылығына. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин субсидия алатын әрбір шаруашылық бойынша нақты талдау жүргізуді тапсырды. Осы жылы Ақтөбе қаласында, Хромтау, Мәртөк, Қарғалы аудандарында сүт тауарлы фермалар, ет пен жұмыртқа ​ бағытындағы құс фермаларын, бордақылау алаңдарын, жылыжай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін экспортқа бағытталған өндірістік кәсіпорындар ашу, өндірістік кооперативтердің тиімділігін арттыру, егістік жерлерді диверсификациялау, үнемі суарылатын жерлерді айналымға енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған. Ал, білім беру саласында 20 мектеп салынып, 56 білім беру мекемесі жөнделді, 87 пән кабинеттері сатып алынды. Мұғалжар ауданының Қандыағаш, Ембі қалаларындағы, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы мектептердің, Қарғалы ауданындағы өнер мектебінің, Ақтөбе қаласындағы Қазанғап атындағы мектептің құрылысы басталмақ. Жиын соңында Оңдасын Оразалин мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындау үшін барлық шараны қабылдау керектігін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
13:00, 19 қаңтар 2021
АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
16:20, 18 қаңтар 2021
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
20:00, 19 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Толығырақ...