ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ IV ХОР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

18:35, 12 сәуір 2019

4-ші облыстық балалар хоры чемпионаты бүгін Өнер орталығында  басталды. Бірегей шығармашылық жобаға 17 хор ұжымы, 520 бала қатысып, чемпионаттың бас жүлде үшін таласпақ.  Байқауды   кәсіби  қазылар алқасы бағалайды. Хор музыкасының майталманы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  доценті Ғалымжан Берекешов арнайы  келді. 

Екпін, репертуар, орындау техникасы, сахна мәдениеті, көркем киім үлгісі. Хор чемпионатының бағалау критерилері осындай. 4-ші мәрте өтіп жатқан чемпионат жаңа таланттарды  анықтары сөзсіз.  Хор музыкасына қызығушылық бар дейді мамандар.  Оқу орындарынан қатысуға ниет білдіргендер көп. 

«Таң нұры тобы» ұжымының мүшелері  небәрі 4-5 жаста. Байқауға тыңғылықты дайындалып келді. Бүгін олар бірінші болып бастады. Бұл-оңай болған жоқ, шаршаап калдық  дейді кішкентай  әнішлер. 

Хор чемпионаты талаптарының  бірі патриоттық рухтағы а-капелла, қазақ, шетел және қазіргі композиторлардың шығармаларын орындауы тиіс. Үздік ұжымдар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жетекшілер мен концертмейстерлердің де еңбегі бағаланады. ал, болашақта хор музыкасының чемпионатын хлықаралық дәрежеде өткізу жоспары бар. 
Венера Серғазы
 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар