ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

20:53, 11 маусым 2019

Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір деп қайта аталмақ. Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының күн тәртібінде осы мәселе қаралды. Сондай-ақ, отырыста жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру жағы да назардан тыс қалмады. Осы және де өзге де мәселелер талқыланған жиын туралы келесі бейнематериалда. Қазіргі таңда 3281 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала мен 29 жасқа дейінгі 28 мың 700 жас пен жас отбасылар пәтер кезегінде тұр. Республикада алғаш болып Ақтөбеде арнайы бағдарлама қабылданды. Жоба аясында 100 пәтер халық игілігіне берілді. Баспана базынасын шешуде сонымен қоса, кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің үлесі зор.Жастар барлық салада белсенді. Оқимын, тоқимын дегендерге өйткені мүмкіндік көп. Жастар қоғамның дамуына атсалысып, волонтерлық жолда қызмет атқарып келеді. Кәсіпкерлікті де мықтап қолға алған. Жұмыспен қамту жайын айтсақ, 2019 жылдың І тоқсанында 3705 адам екі қолға бір күрек тапқан. Ендігі меже - 22 325 жасты жұмысқа тарту.Әлеуметті алаңдататыны - дінге бет бұрған жастардың дұрыс жолды таңдауында. Қоғамдық кеңес мүшесі Алтай Тайжанов мәселені бүге-шүгесіне дейін зерделеп, өзге діндегі жастарды ортаға бейімдеп, түрлі іс-шараларға тарту керек деп есептейді. Жастар мәселесінен өзге, мәслихат депутаттары ауылдық округті қайта атау мәселесін талқылады. Шалқар ауданында бұған дейін, Біршоғыр аталып келген елдімекен облыстың бас лингвисінің ұсынысымен Бершүгір деп қайта өзгертілмек. Атау тарихқа жүгінсек, өз заманының белгілі, беделді тұлғасының есімі екен.Мәслихат отырысына Ұлы отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, І, ІІ, ІІІ топтағы, 16 жасқа дейінгі бала кезінен  мүгедектер мен олардың қамқоршыларының жолақы төлемдері туралы сұрақ енгізілді. Аталған мәселе алдағы сессияда қаралмақ. Жиын аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысымен жалғасты. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, депутаттар мәслихаттың келесі сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...