ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

ОЙЫЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ ҮШ ЦЕХ АШЫЛАДЫ

15:52, 11 қазан 2018

Ойыл ауданында биыл тары өңдеу, қымыз өндіру және ет өңдеу цехтары ашылады. Елбасы жаңа Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырды. Енді ойылдықтар кәсібін кеңейтіп, ауыл шаруашылығына бағытталған қолдаудан үміттеніп отыр.

Ойыл десе, ел есіне Шығанақтың ақ тарысы оралады. Биыл мұнда 1450 гектарға тары егілген. Ойдағы елдің бренд өніміне айналған тарыны қазақтың ұлттық дәмі ретінде Италияға апарған "Жақып" шаруашылығының негізінде биыл ауданда тары өңдеу цехы ашылады.

Ойылда тағы бір брен атау бар. Ол - Спартактың қарбызы. Оны жазда қала базарларында жұрт іздеп жүріп алады. Шаруа қожалығы 10 жылдан бері Саралжында қауын-қарбыз егіп, жақсы өнімалып отыр. Суармалы алқаптарды арттыру туралы Елбасы тапсырмасы бағбанның кәсібін кеңейтуге мүмкіндік беретін болды дейді мамандар. 

Мал баққанға бітеді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын ауданға Елбасы Жолдауы серпін берді. Ойылда 350 қожалық бар. Көпшілігі төрт түлігін тең өргізіп отыр.  Оның ішінде асыл тұқымды мал өсіретіндерінен үміт мол. Сондықтан, еңбекақы төлеуге келгенде жомартпыз дейді шаруа тізгінін ұстағандар.

Ойылдық шаруалардың алған бағыты өнім өңдеу ісін дамыту. Биыл ауданда қымыз және ет өңдейтін цехтар ашылады.

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар