ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОЙЫЛ ЖАСТАРЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

17:57, 13 тамыз 2019


"Көкжардың бүгінгі керуенінің жас көшбасшылары". Осындай атаумен Ойыл ауданының белсенді жастары туралы кітап басылып шықты. Жинақ аудан әкімінің қолдауымен жүзеге асқан.  Кітапқа 72 жас өреннің есімі енгізілді. Кітаптың тұсаукесері "Jastar - болашаққа жол бастар" аймақтық жастар форуымында көпшілік алдында кесілді. Жинақтың таныстырылымы кейін аудандық кітапханада өтті. Бұл - көкжар жастары туралы алғаш жинақ.  МҰРАТ АЙДАРБАЕВА /ОЙЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Бұл кітапта жас ұйымдары туралы, Ойыл ауданында жастар саясатының жүзеге асырлуы, сонымен қатар әр салада, мәдениетте, білімде, спортта, денсаулықта, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен біздің батыр жастарымыз туралы, жеткен жетістіктері туралы толығымен баяндалған.  Кітапқа тек аудан жастары ғана емес, елдің әр түкпірінде, шет мемлекеттерде жүрген жас көкжарлықтар да енді. Оның бірі -жас маман, дәстүрлі әншіТеңел Омаров. Бүгінде ол Ойыл аудандық музыка мектебінде сабақ береді. Оқушыларының алды қазір республикалық, облыстық  байқауларда жүлдегер атанып, ұстазының мәртебесін биіктетіп жүр. Өзі де өнерден құр алақан емес. Ән жазып, туған жерінде сазгер жігіт атанған. Теңел бұл жинақ жастар жылына орай біз секілді жаңа буынға тамаша тарту болып, тың серпін бергенін айтады. 

ТЕҢЕЛ ОМАРОВ /ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ 

Біздің Ойыл жастары, соның ішінде өнерпаздар, спортшылар және де басқа да мамандықтар кітапқа еніп, еленіп жатыр. Бұл жастарға үлкен серпін береді. Осындай серпінмен біз ойыл жастары болып, ойыл мәдениетіне, ойылдың дамуына үлкен үлес қосамыз деп ойлаймын.  Кітаптың таныстырылымына Батыс Қазастан, Атырау облыстары мен басқа да аудандардан келген жастар қатысты. Бұл жинақ оларға да ой салып, өз өңірлерінде жүзеге асыруды жобаларына енгізді. 

Азамат Әбілқайыр

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
20:17, 20 қараша 2019
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
 ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
20:06, 19 қараша 2019
ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...