ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

Ойылдың кәсіпкер әйелдері бас қосты

18:57, 19 қазан 2017

Облыстық іскер әйелдер ассоциациясы саясаткер әйелдер клубымен бірлесіп, Ойыл ауданының делегациясы үшін   облыс орталығында бизнес тур ұйымдастырды. Шара аясында  шығармашылық академиясында Ойыл өлкесі туралы баяндайтын  көрме өткізілді.  

Ақтөбе қаласы мен Ойыл ауданы әкімдіктерінің  ұйымдастыруымен өткен шараға 70-ке жуық іскер әйел қатысты. Негізгі мақсат-ауылдың қыз-келіншектерін кәсіпкерлікке баулу, бизнес ашудың жолдарын үйрету.

АЙНҰР БАҚТЫҒАЛИЕВА, ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР АССОЦИАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ

- Ойылдықтар үшін біз шеберлік сағаттарын өткіземіз, өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда, мысалы, кондитерлік цех, мейрамхана, шеберхана, әсемдік салоны, бала бақша ашу секілді  бағыттар бойынша жұмыс жүргіземіз. Тәжірибе алмасып, мемлекеттік қолдау туралы мағлұмат береміз

Шара шеңберінде шығармашылық академиясына  Ойыл ауданының табиғатын баяндайтын стендтер қойылып, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Келушілерге Көкжардың тарихы, өңірдің бай мәдени мұрасы туралы мәлімет берілді.

Ауыл-аймақта шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іскер әйелдер қауымдастығы бұған дейін де Ойыл ауданымен  байланыс орнатып, бірнеше жобаны жүзеге асырған болатын. Ойылдың шаруа қожалықтарымен ынытмақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, шаруалар өнімдерін Ақтөбенің мейрамханаларына өткізіп тұрады. 

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
21:20, 22 мамыр 2020
"ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ" БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
19:21, 18 мамыр 2020
БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ
Толығырақ...