ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

ӨКПЕ ҚАБЫНУЫНАН ТАҒЫ 4 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

19:17, 24 маусым 2020

Өңірде өкпе қабынуы өршіп тұр. Өткен тәулікте пневмониядан тағы 4 адам көз жұмды. Ал коронавирус жұқтырғандардың саны 700-ге таяп қалды. Қауіпті кесел балабақша қызметкерлерінің арасынан да анықталды. Сол себепті ертеңнен бастап мектепке дейінгі ұйымдар жұмысын тоқтатады. Аурудың дендеп кетуіне байланысты  қосымша 400 провизорлық орын дайындалуда. 
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста ковид-19 вирусын жұқтырғандардың саны 671 адамға жеткен. Аурудың өсу деңгейі 7,3 пайызды құрады. 2000-нан астам ақтөбелік үй карантинінде жатыр. 357 адам індеттен айығып шыққан. Эпидемиологиялық ахуал  Шалқар, Хромтау, Мұғалжар мен Мәртөк аудандарында да мәз емес.  Соңғы күндері қауіпті кесел балабақшаларда да қылаң бере бастапты. 
Коронавируспен қатар пневмония дерті де ушығып тұр.  Ақтөбеде 1257 адам өкпе қабынуы диагнозымен ауруханаға түскен. Өкінішке қарай, соңғы екі аптада 22 адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 
Жағдайды тұрақтандыру үшін қазір аймақтағы барлық емханаларда күндізгі стационарлар жұмыс істей бастады. Сондай-ақ  облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бейсенбі күні мұнда қосымша 400 орынға шақталған провизорлық стационар  пайдалануға беріледі. 
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
19:11, 7 шілде 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...