ШҰҒЫЛ! КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА Толығырақ

ОҚУШЫ МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ТОҚҚА ТҮСІП ҚАЛДЫ

16:56, 11 қазан 2018

Шалқарда 4-сынып оқушысы мектеп ауласындағы трансформаторға тоққа түсіп қалды. Дәрігерлерге оның екі қолын иыққа дейін кесіп тастауға тура келді. Қазір бала ауыр халде. Ата-анасы болған қайғылы жағдайға электр энергиясын тарататын мекеме мен мектеп қызметкерлерін кінәлап отыр.

Оқиға 5-ші қазан күні, Шалқар қаласындағы орта мектепте болған. Ол күні сабақтар 35 минуттан жүрген. Дамир киімін ауыстырған соң досымен бірге мектеп ауласына қайтып келеді. Әкесінің айтуынша, ойнап жүріп, ашық жатқан трансформатордың ішіне кіріп кеткен.

Бала тоққа түскен сәтте мұғалімдер мектеп ішінде төл мерекелерін тойлап жатқан, дейді анасы. Дамирды сол мектеп қызметкерлерінің бірі алып шыққан. Ол екі күн аудандық ауруханада жатып, кейін санавиациямен Ақтөбеге жеткізілген.

Зардап шеккен баланың ата-анасыныңайтуынша, трансформатор оқыс оқиғадан соң ғана қоршалған. Қазір жасөспірімніңжағдайы ауыр. Екі қолынан бөлек денесінің әр жерінде күйік бар.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметініңхабарлауынша,оқиғаға байланысты «абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіріпсоғуға әкелген іс әрекет» бабымен іс қозғалып, тергеу, тексеру жұмыстарыбасталған. Айта кетелік, Дамир отбасындағы 7 баланың төртіншісі.

ЖАҚСЫБЕК КЕМАЛ, ТІЛШІ

- 9 жасар Дамир мына облыстық ауруханадаәлі ұзақ ем қабылдайды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін барлық жағдайдыжасаймыз деп отыр. Ал ата-анасы болса қауіпсіздік ережелеріне бей-жәй қарағанмекеме үстінен шағымданбақшы

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

АПТА ТЫНЫСЫ. ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
11:04, 16 ақпан 2019
АПТА ТЫНЫСЫ. ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
20:31, 15 ақпан 2019
ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА
19:10, 11 ақпан 2019
КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА
Толығырақ...
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН  ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ
18:02, 11 ақпан 2019
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ
Толығырақ...