ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

ОҚУШЫЛАР АСТАН УЛАНДЫ

10:13, 22 сәуір 2019

Ақтөбеде 21 адам астан уланды. Мектеп асханасынан тамақтанған №9 мектеп-гимназиясының 20 оқушысы мен 1 мұғалімінен ішек инфекциясы анықталды.

Өткен жұма күні  мектепте 21 адамның жағдайы нашарлап,  аурухана түседі. Барлығына дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті. 18 оқушы мен 1 мұғалім амбулаториялық ем жалғастыруда. 2 оқушы  әлі ауруханада жатыр. Эпидемиологиялық тексеру кезінде олардың мектеп асханасынан тамақтанғандығы анықталды. Қазір №9 мектеп-гимназиясының асханасы жабық тұр. Мұнда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

Зардап шеккен-бастауыш сынып оқушылары. Олар түске дейін оқиды. Оқу бес күндік. Астан уланғандар ауруханаға бір тәуліктен кейін, яғни сенбі күні түсті. Басқа жерден де улануы мүмкін. Біздің қолымыздан ешқандай қорытынды жоқ, тексеру жүргізіліп жатыр, асхана әзір жұмыс істемей тұр. Сондықтан ештеңе айта алмаймыз.

Жалпы мектеп асханасы жоспарға сай екі рет тексеріледі, бұған дейін ешқандай кінәрат табылған жоқ.

Мектеп асханасында жуылған ыдыс дұрыс кептірілмейді. Ыдыс кептіретін арнайы құрылғы мен тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш ішіндегі термометр де жоқ. Оған қоса, шикі тауық еті мен тартылған балықтың сапасын растайтын құжат болмаған,-дейді мамандар.

Мектеп асханасын  екі жылдан бері Наурызбаев есімді азамат жалға келеді. Жеке кәсіпкердің санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды құжаты болмай шыққан. Санитарлар қалалық білім бөлімін №9 мектеп-гимназиясының директорын тәртіптік жазаға тартуды талап етуде.

Ұлағат АРҒЫНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАЛАРЫ ҚЫЗА ТҮСТІ
17:07, 16 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ҮГІТ-НАСИ...
Толығырақ...
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
18:04, 17 мамыр 2019
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ
Толығырақ...