ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНҒА ТҮСТІ

09:53, 6 қараша 2019

Математика - ерекше ғылым. Сандардың сырын ұғыну үшін зейін мен ынта керек. Болса дамытқан жөн. Есепке жүйрік, оқу ағарту ісінің үздігі ырғыздық Еділхан Өтеповке биыл 85 жыл. Осыған орай аудан математиктері арасында олимпиада өтті. 18 мектептен келген 30 оқушы сандарды сөйлетуден бақ сынасты. Ырғыз ауданындағы барлық мектептің үздік математиктері Қарақұдық ауылына жиналды. 7 мен 8 кластың оқушылары өздеріне берген тапсырмаларды орындап, қиын формуламен теңдеулер шешті. Логикалық тапсырмалар да орындады. Ойша есептеуден де сындар болды.  40 түтіні бар Қарақұдық ауылындағы орта мектеп оқушылар бұрын сайысқа өздері баратын. Мұнда аудан оқушыларының жиналуы алғаш рет. Пәндік сайыс Еділхан Өтеповтің 85 жылдығына арналды. Ол Қарақұдық ауылына балабақша негізіндегі мектеп іргесін қалаған оқу ісінің үздігі. 40 жыл ұстаздық еткен математик бұл мектепке 10 жыл басшылық етті. Бала оқытуға бар ықыласын салған ардагерді бүгінде қызметтес әріптестері, жақын туыстары еске алады. Шара кезінде үлгілі ұстаздың өмір жолынан сыр шертетін бейнефильм көрсетілді. Ағарту ісінің үздігі сүйіп тыңдаған әндер орындалды.Олимпиадаға қатысқан оқушылар екі сағаттың ішінде логикалық тапсырмалардың шешімін тауып, есеп шығарды. 1- орын Ырғыз гимназиясының оқушысы, 2-ші орынды Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы иеленсе, 3 орын №2 орта мектеп оқушысына бұйырды. Жүлдегерлерге сыйақы ал пәндік олимпиадаға қатысқан балалардың барлығына ынталандыру сыйлықтары табысталды.  

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...