ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ОРАЛДЫ

20:00, 23 қараша 2020

Ал Мұғалжарлық балалар мектепке қайта оралды. Осы уақытқа дейін олар қашықтан білім алып келді. Мұндағы жаңа ереже жат емес. Дәлізден оқушылар дене қызуын өлшетіп, қолын арнайы залалсыздандыру сұйықтығымен жуады.
Бұл Қандыағаш қаласындағы №1 мектеп. Әдеттегідей білім ошағының мейірбекесі кіреберістен  оқушылардың дене қызуын өлшеп, қолын антисептикпен залалсыздандыруда. Қажет жағдайда, балалар бетпердемен қамтамасыз етіледі. Санитарлық талаптарды сақтау- олар үшін түк те емес. Бірнеше ай онлайн білім алған балғындар сүйікті мектебімен қауышқандарына дән риза.  

Қазіргі таңда мектептегі  кезекші топтарда 120 оқушы білім алуда.  Бұл барлық оқушы санының шамамен 10 пайызы ғана. Шектеуге байланысты білім беру ұйымында тиісті шара қолға алынған. Интернетпен қамтылмаған отбасыларға 1000-нан астам роутер сатып алынған. 

Мұғалжар ауданында барлығы 37 мектеп бар. Оның 19-ы штаттық режимде жұмысын жалғастырды. Өзге білім ордаларының оқушылары онлайн оқып жатыр. 400-ге тарта бала компьютер-ноутбукпен қамтылған. 

Пандемияға қарамастан ауданда білім ошақтарының құрылысы қарқынды. Бірнеше мектепке биыл күрделі жөндеу жүргізілген. Мәселен, жақында әйгілі композитор Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебі келушілерге есігін айқара ашты. Жылдар бойы жөндеу көрмеген  нысан биыл жаңартылып, жаңаша реңкке ие болды. 

Қазақтың қара домбырасын қолына алып, күмбірлете күй шертіп отырған- Жангүл Жүсіпова. Музыка мектебінің шәкірті биыл домбыра класын тәмамдапты. Болашақта жұлдыз жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің ізін жалғастырып, ұлттық аспапты әлемге әйгілі ету арманы. 
 Мереке Амангелдіқызы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар