ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

17:50, 12 сәуір 2019

Ақтөбеде, 8-10 сынып оқушыларының облыстық спартакиадасы аяқталды. Бұл «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу кезеңі болатын. Нәтижесінде, ақтөбеліктер мен бірқатар аудандардан келген ойыншылар топ жарды. Жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанғандар бар. 

Мектеп оқушыларының спартакиадасы биыл Ақтөбеде екінші рет өткізілді. Бұл жолғы жарыс 400-ден астам жасөспірімдердің басын қосты. Көбісі облыс аудандарынан. Спартакиаданың негізгі мақсаты да сол болатын. Спортқа құмар ауыл балаларына қолдау көрсетіп, олардың ауқымды шараларда өнер көрсетуіне көмектесу.

Жарыс үш күнге созылды. Осы аралықта қатысушы бозбалалар мен қыздар баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есеп бойынша Ақтөбе қаласының құрамасы бірінші орынды иеленсе, шалқарлық ойыншылар екінші орын, ал Ойыл ауданынан келген команда үшінші орын алды.

 Айта кету керек, спартакиада «SportFEST Kazakhstan» жобасының республикалық ойындары аясында өтті. Жоба осыдан үш жыл бұрын «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен бастау алған болатын. Негізінен жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттауды көздейді. Бұл жолғы жарыста жеңіске жеткендер, республика деңгейінде өтетін спартакиадаға жолдама алды. 
Әнуарбек Мырзатайұлы, Ғалымжан Орынов. 

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...