ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ТӨБЕЛЕСТІ

17:10, 24 қаңтар 2020

 

 Жасөспірімдер төбелесті. Ақтөбе облыстық полиция департаментіне мектеп оқушысының ата-анасы арыз түсірген. Шағымда 11-ші сынып оқушысының дене жарақатын алғаны жазылған. "17-ші қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде үш оқушы төбелесіп қалды. Біреуі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Дәрігерлер қараған соң оны үйіне жіберді" деді  облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал мектеп инспекторы жәбірленуші мен күдіктіні, олардың ата-аналарын бір-бірімен кездестіріп, әңгімелесті. Қазіргі кезде полиция қызметі оқушылар арасында түсіндіру жұмысын күшейтті. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:28, 24 ақпан 2020
МҮГЕДЕК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...