ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ЖЕМІС ТАЛДАРЫН ЕКТІ

21:08, 3 қазан 2019

Қала мектептерінде қолға алынған эко-сағатқа Мәрия Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының оқушылары да үн қосты. Олар шаһар басшысымен бірге табиғатты қорғаудың жолдарын талқылады. Экологиялық шара - тал егумен жалғасты. Мектеп ауласындағы 500-ден астам жасыл тал-теректердің қатары бүгін тағы да 50 түп ағашқа көбейді. Шырша, қайың, сирень гүлі мектеп бағының көркіне айналды. Енді болашақта балалар жеміс-жидек теретін болады.Білім ошағын жасыл желекті баққа айналдыру - мектептің басты бағыттарының бірі. "Келер ұрпаққа тал қалдыру міндетіміз",- дейді ұстаздар. Мектеп табалдырығын енді аттаған оқушылар да, түлектер де осы бағытты қолдайды.Бүгінгі экологиялық сағатта оқушылар табиғат қорларын қалай тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынып, талқылады. Олардың сөздерінше, күн, жел энергиясын тиімді пайдаланса, табиғат пен адамзатты экологиялық зардаптардан сақтауға болады. Сонымен қатар, пластикалық бөтелкелерден келетін зиянды сөз етті. Мәрия Құрманғалиева атындағы мектепте 1350 оқушы бар. Олардың барлығы эко-акцияға жұмыла қатысты. Эко сағат эстафетасын №32 мектеп оқушылары қаланың өзге мектептеріне жолдады.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...