ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

19:43, 20 наурыз 2019

Ақтөбеде еліміздің үздік оқушылары марапатталды. Бір апта бойы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да бақ сынап, жүзден жүйрік шыққандар бүгін диплом және медалдарға ие болды. Жаратылыстану - математика бағытында өткен сайысқа еліміздің әр аймағынан 824 оқушы қатысқан болатын. Жабылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. 
 

Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиада елімізде жыл сайын өткізіледі. Мақсат - еліміздегі білім сапасын бақылап, үздік әрі дарынды оқушыларды анықтау. Бұл жолғы сайысқа еліміздің әр өңірі мен Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан келіп, бақ сынады. 

Білім сайысы Ақтөбеде екінші рет ұйымдастырылып отыр. Әрі олимпиаданың ашық және әділ өтуіне барлық жағдай жасалды. 800-ден астам қатысушының барлығы да берілген тапсырмаларды орындады. Олардың арасында республикалық және халықаралық дәрежедегі байқаулардың жүлдегерлері де бар.     

Алмаз Көшерхан - білім бәйгесінде бақ сынаған қатысушылардың бірі. Семей қаласынан келген "Жас ұлан" ерлер лицейінің шәкірті - физика пәнін сүйіп оқиды. Ұстаздарымның үмітін ақтап, олимпиада талаптарын толық орындадым дейді Алмаз. Ол бұл сайысқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша іріктелген үздіктердің қатарында келді. 15 жасар қатысушы қазақ күресі, қоян қолтық ұрыспен де айналысады.  

Олимпиада да топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер сахна төрінде марапатталды. Ұйымдастырушылар, әрбір пән бойынша топ жарғандарды диплом және медалдармен марапаттады. Нәтижесінде, 72 оқушы бірінші орын иеленді. Сайыстың гуманитарлық бағыттағы кезеңі Қызылорда қаласында өтетін болады. Қортындысында олимпиада қатысушылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті.  

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...