ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

Олимпиада жеңімпаздары марапатталды

19:32, 13 наурыз 2018

Бүгін Ақтөбеде жалпы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Енді, 69 оқушы республикалық деңгейдегі байқауға қатысатын болды. Олар жаратылыстану және гуманитарлық бағытта өз бақтарын сынап көрмек.

Әлішер Тортаев - олимпиадаға қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Матиматиканы сүйіп оқитын мұғалжарлық оқушы болашағында осы ғылыммен байланыстырады. Осындай сындар арманыма жетуге көмектеседі дейді жас дарын.

Жалпы пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне 896 оқушы қатысқан болатын. Нәтижесінде, 412 үміткер жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олардың арасында, Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты мен "Білім-инновация" лицейі оқушыларының үлесі басым.

Олимпиада қортындысы бойынша 40 оқушы жаратылыстану, ал 29 оқушы гуманитарлық пәндер бойынша республикалық сайысқа қатысатын болды. Ол Қостанай және Атырау қалаларында өтетін болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
16:48, 14 желтоқсан 2018
ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...