ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ОЛҚЫЛЫҚ ТҮЗЕЛСЕ, ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ

18:11, 10 шілде 2019

Облыс әкімінің қабылдауынан шыққан министрлік мамандары қала әкімдігінде белсенді азаматтармен, қоғамдастық өкідлерімен, журналистермен кездесу өткізді. "Өзендер арналарын тазарту, тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары бойынша жобаның қате тұстарын түзеп, тиісті шараларды қолға аламыз" деп уәде берді мамандар.Ел Президентінің тапсырмасы бойынша проблемалық мәселені зерделеу жөніндегі комиссия құрылып, жоба уақытша тоқтатылды. Аталған жоба бойынша бірнеше мәселе туындады. Бірінші, орман шаруашылығы комитетінің өкілдерінің айтуынша, жобада кесілген ағаштарды қайта қалпына келтіру қарастырылмаған. Аталған проблеманы шешу үшін, Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Бисенов мердігерлік ұйымдар қаражат бөліп, ағаштарды қайта отырғызуға дайын екендігін айтты.

МҰРАТ БЕЙСЕНОВ /СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

- Жобаға кейбір түзетулерді енгіземіз. Мердігер компаниялар кесілген ағаштардың орнына жасыл желектерді отырғызуды қолдап отыр. Тек қалалық әкімдік оларға жерлерді белгілеп беруі шарт. Біздің шешім, 8 өзен арнасын тазарту, кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында тұрғындар тарапынан сөз алған сарапшы Александр Мандрыкин жұмыстың мардымсыздығы, қажетті техниканың болмауы және технологияның жеткіліксіздігінен бастапқы жобаны жалғастыру орынсыз деген пікірде.

АЛЕКСАНДР МАНДРЫКИН  /САРАПШЫ

- Комиссия мүшелері жиналып, ақылдасқан кезде де біздің ойымыз өзгерген жоқ. Мердігерлер технологияларды дұрыс қолданып жатқан жоқ, техника да дұрыс емес. Жұмыстар сәйкессіздігі салдарынан жобаны жалғастыру орынсыз. Біз  бастапқы көзқарасымызды өзгертпейміз.

8 өзеннің арнасын тазарту, тереңдету және жағалауды бекіту бойынша жобамен екі апта бойы арнайы комиссия жұмыс жасады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов мемлекеттік органдардың қандай жұмыстарды жүзеге асырғандығын жіпке тізді.Ал жобада кеткен қателіктерді құжатты жасағандар қайта түзетеді. Ал заңбұзушылықтарды құқық қорғау органдары анықтамақ.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар