ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ОМАРТАШЫНЫҢ КӘСІБІ

13:59, 14 шілде 2019

Омарташылар - ең бай адамдар. Қобда ауданында омарта ұстап, ара балын өндіріп отырған Александр Красин осылай дейді. Ол отбасылық бизнесін құрғалы бері, ісі оңға басыпты. Дәмі тіл үйретін балды қазір қобдалықтар іздеп келіп алып кетеді дейді қобдалық омарташы.Қобдалық Александр Красиннің ауласында омарта пайда болғалы биыл алты жыл болыпты. Жыл сайын көктемде ақтөбелік омарташылармен бірге ол Шымкентке барып, бал арасын сатып ұясымен бірге сатып алып келіп жүр. Қазір қыстан шыққан екі ұяға қосымша тағы екеуін Оңтүстіктен әкелген. Алғашқыда өзім үшін ұстап бастадым. Кейін отбасымызбен мұны кәсіпке айналдырдық деген Александрдың аралары беретін балға қызыққан жұрт іздеп келіп, сатып алып кетеді. Бұл кәдімгідей табыс көзіне айналған. 

АЛЕКСАНДР КРАСИН /ОМАРТАШЫ

- Біз омарташылар өте бай адамдармыз. Мұны рас айтып тұрмын. Себебі, бал арасы өзін-өзі қоректендіреді және оны баққан адамға зор табыс әкеледі. Ара жалпы, балды көп береді. Өнім аз болды деген жылдардың өзінде, ара қысқы азығын сақтап қалады.  Ара өте пайдалы, балы ғана емес, оның уыты буын ауруларына ем болады.

Иә, өзін бай адамдардың бірі санайтын еңбекқор омарташы кәсібінің нәсібін көріп отыр. Оны аралардың табиғаты қызықтырған. Қызығушылықтан туған кәсіпке шын берілген Александр Красин ара ұясын көбейтуді жоспарлап отыр. Аралары тамыздың соңына дейін өнім береді.

Айгүл Баймен

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
19:05, 17 қаңтар 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
19:04, 17 қаңтар 2020
СЕНАТ ЖАНЫНАН ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
16:26, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКПЕН КӘСІП АШТЫ
Толығырақ...
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
16:17, 14 қаңтар 2020
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...