ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13:53, 18 қыркүйек 2020

    Сондай-ақ облыс әкімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаевамен кездесті. Кездесу кезінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жайы сөз болды. Гаухар Бөрібаева қор тарапынан Ақтөбе облысы қолдауға ие болып отырғандығын жеткізді.  Айтуынша «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылған күннен бастап 629 жоба жүзеге асырылған. Биыл 98 жоба іске асқан. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 25 жоба қолдау тапты. Оның ішінде биыл 3 млрд теңге кредит сомасына 18 жобаны субсидиялау шарттарына қол қойылған. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында кәсіпкерлік саласының оң нәтижелеріне қол жеткізілгенін айтқан  аймақ басшысы  басқарма төрайымына қор тарапынан өңірдегі бизнес саласына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді. 
ГАУХАР БӨРІБАЕВА 
"ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ
Бүгін біз Ақтөбе облысына келдік. Үкімет қазір шағын және орта бизнес үшін дағдарысқа қарсы шара қабылдап жатыр. Жаңа бағдарламалар қабылданды. Бұл іссапар кезінде біз кәсіпкерлерге бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, айтып береміз. Бизнесті дамытуға арналған қаржылық қолдау әрі қарай жалғасады. Ақтөбеде тың жоба көп. Қазақстанда мақұлданған жобалардың 8 пайызы осы аймаққа тиесілі. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Өңірде сүт, ет бағытындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары қолдауға ие болды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...