ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевпен және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті.

15:39, 30 шілде 2020

30 шілде, бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевпен және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысының әрі қарайғы геологиялық  даму мәселелерін талқылады. Облыс әкімі өңірдің қолда бар әлеуетін ескере отыра геология саласын барынша кеңейтіп, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттігі жөніндегі сұрақтарды көтерді. Бұл түбінде жаңа өндірістер құруға және облыстың инвестициялық климатын жақсартуға түрткі болады.
Кездесуде сондай-ақ, өңір үшін, жалпы Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар ультра тұщы су нысаны болып табылатын "Көкжиде" кен орнына қатысты проблемалық сұрақтар да қозғалды.
Кездесу соңында аталмыш бірегей табиғи нысанды сақтау шараларын күшейту және әрі қарай бақылау жүргізу туралы шешім қабылданды.

Тақырып бойынша материалдар

ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ
11:56, 30 қыркүйек 2020
ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ КӨЛІК ҰТЫП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 29 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...