ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ӨНДІРІСТІ ӨЛКЕДЕГІ ҚАРЫМДЫ ІСТЕР

15:24, 17 қыркүйек 2020

Темір ауданы биыл интернетпен толық қамтылады. Ұялы байланыс ауқымы кеңиді. Мұнайлы өлкеде өндіріс өнімі азайған. Алайда жұмысшы санын қысқарту мәселесі мүлде көтерілмеген. Ауыл адамдары да сұранысқа сай бейімделді. Ауыл шаруашылығына ден қойғандары бар. Қауын-қарбыз өсірудің пайдасы көл-көсір екенін білген кәсіпкерлер көкөніс егу аумағын кеңейтпек. Осы және өзге де қарымды істер жайы көшпелі баспасөз мәслихаты кезінде айтылды. 
Ия, мұнайлы Темір ауданында өндіріс өнімі сәл төмендеген. Журналистер алдында жыл ішіндегі атқарылған жұмысты қорытындылаған аудан әкімі Жолдас Батырхан жұмыс орнын қысқарту, жалақы мәселесінің туындамағанын айтып берді. 
Аудан оқушылары дәстүрлі форматта және қашықтан оқып жатыр. Әсіресе интернеті жоқ ауылдарда балалар мектепке барып жүр. Жоспар бойынша биыл аудан 100 процерт ғаламтормен қамтылып, ұялы байланыс сапасы артады. 
Тілшілер аудан әкімінен індетпен күрес жайын сұрады. Бір қуантарлығы мұндағы дәрігерлер коронавирус жұқтырмады, науқастанған да ешкім жоқ. Бұл кәсібиліктің көрсеткіші дейді аудан әкімі. Сонымен бірге ауруханаларда вирус жұқтырып, ем қабылдап жатқан ешкім жоқ. 
Аудан орталығы Шұбарқұдықта биыл жол жөндеу жұмысы қарқын алды. Бұрын асфальт төселмеген көшелер жаңарып, жүргіншілер үшін арнайы тас төселді. 
Қопа ауылының да ажары кірді. Мұнда 2 мыңнан астам тұрғын бар. Ауыз суы орталықтандырылған, көгілдір отыны әр үйге тартылған. Ауылға кіре беріс жолы жөнделді.  320 орынды мектеп, 50 орынды балабақша жұмыс істеп тұр. Ауыл клубы да көпшілікті қуантады. Биыл ауыл түлектерінің көмегімен сквер салынды. 

Аудан халқының көбі вахталық әдіспен ірі мұнай компанияларында еңбек етеді. Ал Ерлан Алмағамбетов екі жұмысты қатар алып жүр. Ол ауыл шаруашылығына да ден қойған. Мал бағады, соңғы жылдары қияр мен қызанақ, қауын-қарбыз өсіруді кәсіп еткен. Түсімі жаман емес, әр гектарынан 30-40 тоннадан өнім алып отыр. Оны ауылдастарына арзан бағаға сатады. Мысалы, облыс орталығында қарбыздың келісі 150 теңге шамасында, бұл жерден 50 теңгеден алуға болады. Істің ілімін тапқан шаруа тамшылатып суару әдісін қолданады.
Досжан Хазірет мешіті - Қазақстанның киелі жерлер географиясы жобасына енді. Мұнда биыл қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Құрылыстың басы-қасында маңғыстаулық шеберлер жүр.  
Сонымен бірге бұлағы мен алма бағы жаңартылады. 
Темір ауданының түйінді мәселелері де бар. Біріншіден, ауыл тұрғындарының көбі жоғары жалақылы мұнай мен теміржол саласында жұмыс істегенді қалайды. Екіншіден, аудан ішілік, ауыл ішілік жолдар құрылысы да мол қаржыны қажет етіп тұр. Бұл мәселе мемлекеттік бағдарламалар аясында өз шешімін тапты. 
Айта кетек, ауданда қазір асыл тұқымды мал үлесі 60 пайыздан асқан. Сүт өнімдерін өңдейтін екі цех іске қосылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...