ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Өндірісті өңірдің әлеуеті таныстырылды

20:35, 12 қазан 2017

Ақтөбе - өндірісті өңір. Жылдан-жылға өнеркәсіп көлемі қарқын алып, кәсіпорындар бой көтеріп, экономика еселенуде. Бастысы жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Шеттен тартылған инвестиция да ұлғайып келеді. Жалпы, Ақтөбеде инвесторларға мүмкіндік зор. Бүгін форумға келген қатысушылардың бір бөлігі өндірісті өңірдегі зауыттар мен кәсіпорындарды көрді.

"Қазақстан мұнай өнімдері жабдықтары" зауытының құрылысы биыл ғана аяқталды. Мұнай-газ саласына қажетті жабдықтарды шығаратын кәсіпорын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы. Жалпы тартылған инвестиция көлемі 16 млн долларды құрайды. 80 адам жұмыс істеп жатыр бүгінде. Осы жылдың маусым-қыркүйек айларында 2400 өнім шығарылған. Зауыт жұмысымен танысқан делегация мүшелеріне Ақтөбедегі сондай-ақ, "Назар Трэйлер" серіктестігі көрсетілді. Бұл - еліміздегі жүк көліктеріне тіркемелер, күрделі метал конструкцияларын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Алдағы уақытта зауыттың екінші бөлігі іске қосылса, өндіріс көлемі артпақ. Импорт, экспорт мәселесі де жолға қойылған.

Өңірде шетелдік инвесторларға мол мүмкіндіктің жасалуы - "Ақтөбе" индустриалды аймағының бой көтеруінде. Жалпы аумағы 200 гектарды қамтып жатқан аумақта бүгінде құны 1,3 млрд теңге болатын 2 жоба іске қосылды. Соның бірі - "Talan Technology" кәсіпорны. Мұнда соққыға төзімді жабындылар өндіріледі. Инвестиция көлемі 1,1 млрд теңге. 35 жұмыс орны ашылыпты.

ВАСИЛИЙ ЛАГИЗЕВ, "TALAN TECHNOLOGY" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

- Шикізат көзі жеткілікті. Зауыттың кейбір желілерін жаңғыртудан өткізіп жатырмыз. Өнім жасауға жоспар бойынша жылына 7000 тонна көлік доңғалақтарын пайдаланылу көзделген. Толық қуатқа көшкенде шикізат жетпеуі де мүмкін

"Ақтөбе" индустриалды аймағында қазіргі уақытта жалпы сомасы 10,4 млрд теңге болатын 7 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Дәлірек айтқанда, алдағы уақытта керамикалық тақтайшалар, полипропиленді пакеттер, қабырға блоктары, сырлар мен бояулар шығаратын зауыттар бой көтереді.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...